Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан ,Керей ханЖанталас романында -, Қасым хан , Хақназар хан , Абылай хан , Бұқар жырауҚаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.Көшпенділер - Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі,партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Ұл баланы қазақ халқында тәрбиелеу басты орынды алған. Өйткені ұл бала кейінгі өзінің отбасының басшысы, ел қорғаушы азамат болады. Ұл бала тәрбиесімен көбінесе әкелері айналысқан және ақыл-кеңестерді өзі беріп отырған.
Қыз баланы кішкентай кезінен анасы үй шаруаларын жасауды үйреткен. Қыздарды аналары инабатты, ақылды, байсалды болуға үйреткен.