1)Фонетика - (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
2) Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Антоним (гр. ἀντι- — қарсы, ὄνυμα — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.
3)Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді:
Зат есім (бет, қол)
Сын есім (қызыл, биік)
Сан есім (бір, жүз)
Есімдік (мен, сен)
Етістік (бару, жазу)
Үстеу (тез, таза)
Шылау (үшін, туралы)
Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)
Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)
4) Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері.
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.
5)Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.
6) Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем
7) Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала.
Түрлері:өмірбаян
түйіндеме
жеке іс парағы
визит-кард
өтініш
арыз
== Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары == * Заң
үкім
өкім
Жарғы, жарлық
Ереже
хабарлама * бұйрық
8) Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат.
Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады
9) Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады
10)Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.
-Дербес компьютерде жұмыс жасаудың жалпы ережелерін білесіңдер ме?
- Дербес компьютерде жұмыс жасаудың жалпы ережелерін білемін.
-Дербес компьютерде жұмыс жасау алдында не істеу керек?
- Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек; жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
-Жұмыс жасау кезіндегі ережелер қандай?
- Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.ЭЕМ.мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60.70 см қашықтықта ұстау керек; сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi; көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай.ақ, көз жаттығуын орындауға болады; - электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет; көз жаттығуларын білу міндетті.
-Апаттық жағдайда не істейсіз?
- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек; -өрт сөндiруде көмек көрсету қажет; электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек; электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
-Жұмыс соңындағы қандай талаптар мен ережелерді білуге тиіссіз?
- Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; жұмыс орнын ретке келтіру; жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.