Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. "Тіл халық қазынасы" деп бекер айтпаған.
Еңбектенсең еңбегіңнің нәтижесін әркезде көресің. Оқушылардың еңбегі сабақ оқу, білім алу, сол алған білімін өмірде қолдану. Адал еңбек адамды мақсатына жеткізеді. Еңбектенбесең дастархандағы дәмде сенің аузыңа өзі барып түспейді, оны өзің қолыңмен аузыңа апаруың керек. Сол сияқты, мен бай болғым келеді деп, армандап үйде жата берсең, бар өмірің босқа өтеді. Саған байлық өзі келмейді, ол үшін көп еңбектенуің қажет. Еңбексіз өмір сөнген көмір, қандай тауып айтылған мақал.