Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе[1]; кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе.
Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.
Еріткіштер — әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары. Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады.
Ерітінді – екі не одан көп компоненттерден (құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық, қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер – сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту – көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа – ерітінді). Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады.
Ерітінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Ерітінділердегі бөлшектердің мөлшеріне қарай ерітінділер жүзгін (суспензия, эмульсия), бөлшек мөлшері (радиустары) – 10-5 − 10-3см; коллоидты ерітінділер –10-7 − 10-5см; шын (нағыз), молекулалық ерітінділер –10-8 − 10-7см аралығында болады. Нағыз ерітінділерде таралып жүрген зат жеке молекулаларға не жеке иондарға дейін ұсақталады. Олар өте тұрақты, ұзақ уақыт дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаға ыдырамайды. Біз нағыз сулы ерітінделерді қарастырамыз. Ерітінділердің қасиеттері ерітіндіні құрайтын компоненттердің концентрациясына тәуелді болады.
Объяснение:
«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі меңгеруші: Қайырқұл Ш.С
Сынып: 8 а,б сынып
Күні: 22.11.16
Сабақтың тақырыбы: №2 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға қаныққан, қанықпаған көмірсутектер номенклатурасы, изомериясы, құрылысы, қасиеттері, алынуы туралы білімдерін тексеру;
Дамытушылық: Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер гомолог, изомерлерінің құрылымдық формуласын және алынуы мен химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құру дағдыларын тексеру;
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: Қорытындылау сабағы.
Сабақ өткізілу түрі: Жазбаша бақылау жұмысы
Құралдар мен реактивтер: Бақылау материалдары.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
Бақылау жұмысын орындау кезеңі:
1.Жазбаша бақылау жұмысын орындау
І нұсқа
Кальций элементіне периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама:
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны (периоды, тобы, рет саны), салыстырмалы атомдық массасы
ә) атом құрамы және құрылысы
б) энергетикалық деңгейде орналасуы: ( электрондық құрылысы, электрондық қабаты, ұяшықта орналасуы)
в) Элементтің қасиеті, валенттілігі
2. 45 г судағы моль санын есептеңдер
3. Формулалары мынадай: SO3; HClO; C6H12O6 заттардағы әр элементтердің массалық үлестерін есептеңдер
4. "Барий ботқасы" деп аталатын асқазанды рентген арқылы тексеруде жегізетін препараттың құрамында 58, 80% - барий; 13, 73% - күкірт; 27, 47% - оттегі болатыны белгілі болса, формуласы қандай?
ІІ нұсқа
Хлор элементіне периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама:
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны (периоды, тобы, рет саны), салыстырмалы атомдық массасы
ә) атом құрамы және құрылысы
б) энергетикалық деңгейде орналасуы: ( электрондық құрылысы, электрондық қабаты, ұяшықта орналасуы)
в) Элементтің қасиеті, валенттілігі
2. 5,6 л (қ.ж) SO2 (күкірт оксиді) моль саны қанша?
3. Формулалары мынадай: SO2; HClO2; C6H10O5 заттардағы әр элементтердің массалық үлестерін есептеңдер
4. Қарапайым теңіз жануары теңіз атының қаңқа сүйегі құрамында 47, 83% - стронций; 17, 39% - күкірт; 34, 78% - оттек болса, заттың молекулалық формуласы қандай?
5. Қосылыстағы көміртегі – 39,97 . Заттың формуласын табыңдар.
Объяснение: