Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін мұқият сақтау керек. Өйткені қышқылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті бар. Тұз қышқылының (массалық үлесі 0,5% хлорсутек) ерітіндісін медицинада асқазан қышқылдылығы төмендеген науқастарға береді. Асқазандағы тұз қышқылы астың тез қорытылуына, аспен бірге түскен зиянды бактерияларды жоюға көмектеседі. Қышқылдылығы жоғары науқастарға антацидтік препараттар беріледі. Олардың әсер ету механизмі асқазан сөлінің қышқылдылығын бейтараптауға негізделген. Антацидтік препараттарға магний оксиді, магний гидроксиді, магний карбонаты, алюминий гидроксиді және т.б. заттар жатады.
Көмір қышқылының ерітіндісі әртүрлі сусындардың құрамына кіреді. Азот, күкірт, фосфор қышқылдары, минералды тыңайтқыштар, бояулар, қопарғыш заттар т.б. алуда қолданылады.
Сілтілер — көптеген органикалық заттарды күйдіретін заттар. Олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтаған жөн. Сілті ерітіндісі қолға сабын тәрізді білінеді. Сілтілерге құрылыс әгі — кальций гидроксиді, натрий гидроксиді, калий гидроксиді жатады.
Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар индикаторлар (лат. Indicator — көрсеткіш) деп аталады. Олардың ішінде жиі қолданылатыны — лакмус, метилоранж және фенолфталеин. Индикаторлардың көмегімен қышқыл мен сілтіні ажыратып қана қоймай, ортаның қышқылдылығын — рН (пэ-аш деп оқылады) көрсеткішін де анықтауға болады.
Өмбебап индикатор қышқыл ортада рН < 7, сілтілік ортада рН > 7, бейтарап ортада рН = 7 көрсетеді. Химиялық индикаторлардан басқа табиғи индикаторлар да болады. Мысалы: жүзім, қызылша шырындары, ирис гүлінің қайнатпасы, шие шырыны және т.б.
₸-₸
от искры рождается.не шути с огнём – можешь сгореть.спички не тронь в них огонь.маленькая спичка сжигает большой лес и дом.спичка – невидимка да огонь – великан.впустишь огонь – не потушишь.кто с огнём играет, тот в огне сгорает.у путника должен быть хлеб, а у пастуха огонь.умному огонь – тепло, глупому – ожог. слезам не верит.не трогай огня – не обожжёшь руку.с огнём не играй, не затевай.с огнём да водой не поспоришь.огонь никогда не насыщается.огонь и друг, и враг.огонь не вода – охватит, не выплывешь, пожитки не всплывут.дым страшнее огня.от огня убегают, а от дыму задыхаются.топор рубит, а огонь с корнем спалит.берегись, не ожгись!