Индикатор деген – қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертетін зат. Химияның ерте кезеңдерінде лакмус секілді өсімдік түстері (қынаның бір түрінен жасалады) индикатор ретінде қолданылған. Лакмус қышқылдарда қызыл, ал сілтілерде көк түсті. Қызыл орамжапырақ та жақсы индикатор бола алады, бірақ өсімдік түстерінің бір кемшілігі, олар ауа мен Күннің әсерінен бұзылуы мүмкін. Кейіннен фенолфталеин мен метилоранж секілді күштірек жасанды индикаторлар ойлап табылды. Әмбебап индикатор – бояғыштардың қо ол әртүрлі түстер қатарын көрсетіп, күшті қышқылдық ерітінділерді әлсіз қышқылдық ерітінділерден немесе күшті сілтілік ерітінділерді әлсіз сілтілік ерітінділерден айыруға көмектеседі
P₂O₅ + 3H₂O = 2H₃PO₄
2H₃PO₄ + Ba(OH)₂ = Ba(H₂PO₄)₂ + 3H₂O
Ba(H₂PO₄)₂ + 2Ba(OH)₂ = Ba₃(PO₄)₂ + 2H₂O
Ba₃(PO₄)₂ + 3H₂SO₄ = 3BaSO₄ + 2H₃PO₄ (формально)