Для варки варенья из черной смородины требуется на 2кг ягод 3кг сахара.сколько киллограмов ягод нужно взять для варки варенья, если у хозяйки есть 12кг сахара?
Адам өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жаңылмауы қажет. Әркімнің өзіне етене жақын, жанына жағымды мамандық таңдау сәті-асқақтаған арманының ең бірінші баспалдағы. Мамандығыңды таңдаған сәтте сол кәсіптің білгірі болуы шарт. Менің қалаған мамандығым журналист. Журналистер әрбір естіген, байқаған нәрсесін көзбен көріп, соны жазбаса тағат таппай ой түйсігінен өткізіп халық арасында болып жатқан көкейкесті мәселелер мен болған оқиғаларға бейжай қарай алмайтын мамандық иесі. Журналист мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда шоқтығы биік тұрады. Журналистің басты мақсаттарының бірі-халық пен үкімет арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалу. Бұл мамандық адам бойындағы бүкіл өнерін, қабілетін, жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі. Негізінен бұл - аса қауіпті мамандықтың бірі болып табылады. Сондықтан да осы мамандық аса батылдықты талап етеді. Жақсы журналист жақсылықты көреді, жаман журналист кемшілікті көреді. Жақсы журналист көргенін жазады, ал жаман журналист біреуден естігенін жазады. Журналист сан түрлі ғылым саласына еркін ой жүгірте алатын тұлға болғаны ләзім. Журналистика мамандығының хас шебері атанғым келеді. Бұл кәсіптің бүкіл қыр-сырын игеріп, тереңінде жатқан асыл маржандарын теріп, білікті маман иесі болғым келеді. «Журналист - халық пен билікті байланыстыратын көпір»-дейді. Жалпы айтқанда журналист адам мен өнерді дәнекерлеуші.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 11 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі де өзгереді. Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп шығамыз. “Қашан ғана осы мектепті бітіреді екем?” деп ойлайтын кездерім көп болды, бірақ қазір сол мектебімді бітірейін деп жатқаныма әлі де сенбеймінКөзімді ашып жұмғанша міне, 11 – жылда өтті де шықты..Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күнім, әрбір қырық бес минуттарым балалық шағымның балғын уақыты болып қалмақ. Мектеп біздің “екінші отбасымыз, ақылшы анамыз, ұстазымыз”! Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге көп бақытты күндер сыйлады, тірек болды, жылулық пен бақыт сыйлады. Ал ұстаздарымыз болса, бізге білім үйретуден еш жалықпайды.
12:3-=4-порции
2*4=8кг-ягод