Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Ес білгеннен өр мінезді, тентектеу болып өскен бала Жамбылдың қызықты қылықтары көп болған. Жамбыл жасынан – ақ домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Ол осы өнерінің шетжағасын көрсете бастаған кезінен-ақ өзі құрбылас жас ақындардан әлдеқайда озат көрініп, жұрт көзіне түсе бастайды. Әкесінің домбыраны жақтырмайтынын білсе де, ән мен жырдың айрылмас адал серігі болған. Бұған Жамбылдың 13-14-ке келген кезінде әкесінің үстіне домбырамен келіп:
Батаңды маған бер,әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті ... дер әке! –
деп, батыл тұрып бата сұрағаны дәлел. Әкесі ризашылығын бермегеніне қарамастан, қайсар бала алған бетінен қайтпай Жетісу бойына атағы шыққан Сүйенбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. Елдің ежелгі дәстүрі бойынша шәкірт ақын ұстаз тұтқан белгілі ақынға барып, өз өнерін сынатып, одан бата алатын болған.
Объяснение:
Hxcycsb dhdcci hxjcjcjvk dfcivhs jdivh
мож-корень
ешь-окончание