1) Айтыс ауыз әдебиетінің ерекше турі
2)Қазақ қызы-ақын қыз.
II-Негізгі бөлім
1)Біржан Сара айтысындағы әлеуметтік мәселе
2)"Өнердің ұлдан артық қарағым ай"
3)"Заман айыбы қалық мол"
4) Сөз саңлағы ақын Сара.
III-Қорытынды бөлім
Саңлақ Сара салтанаты
шығарма біржан сара
6 жауап
Белгісіз 23.10.2015 жауап берді
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.
Біржан:
Қызы екен Тастанбектің ақын Сара
Бәйгеден күнде келген жалғыз қара.
Қыз да болса адамның жүйрігі екен,
Көрмедік сөзді адамды жеке-дара.
Қызы екен ақын Сара Тастанбектің,
Жақыны найман Толқын, Есімбектің
Сауық қып Садыр, Матай жиылысып,
Аулына алдыртыпты Тұрысбектің.
Аулына Тұрысбектің Сара кепті,
Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті.
Сол кезде он жетіде ақын Сара,
Жел сөзге адам болмас онан епті.
Сараның атын білер Арғын, Найман
Жүйрік шыққан аталық, қаптағайдан.
Баласы Қожағұлдың сері Біржан,
Сараны іздеп шықты әлде қайдан.
Елі керей, Біржанның ұраны — Алтай-Қарпық.
Қызыққа тірі күнде жүрген батып.
Атасы — Алтай-Қарпық, елі арғын,
Сауықпен жүрген сері дуылдатып.
Сараны есітіпті Біржан анық,
Бұған да жүрген жігіт өнер дарып.
Құдай берген дәулетті аясын ба,
Шығыпты он бір жігіт жолдас алып.
Серілік құдай салған мұндай өнер,
Бәндеге әр не болса тәңірі берер,
Мың жарым жылқысы бар атасының,
Жаста екен отыз сегіз бұл бір кезде.
Келеді он бір кісі жолдас алып,
Дулатып түрлі-түрлі әнге салып.
Ат жіберіп Сараны алдыртпақшы,
Ауылына Тұрысбектің жатса барып.
«Сарада болар дейді сөзге тығын.
Айтысып Сараменен қылсақ шығын.
Найманның асыранды бұлбұл құсы
Сараның айттырармын барлық сырын.
Баралық Тұрысбектің ордасына,
Он бір кісі жолдасым ертең түсте,
Біржанның қарық боларсың олжасына.
Арғыннан артық болды салған әнім,
Найманға арғын түгіл болды мәлім.
Ән салып тоқсан екі түрлендіріп,
Найманның бір жияйын тірі жанын.
Сара да жетік дейді сөйлер сөзге,
Найманда аты шыққан осы күнде.
Ауызын қарсы келсе ашырмаспын,
Адамға мақтанар ол менен өзге.
Бөденедей қырғи алған жұмарлармын,
Құдайым қуат берсе енді бізге».
Әлқисса, Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын өз ауызынан естігендер осылай деп бастан-аяқ баян қылған, айтыс келер жылы болса керек.
1. I did not know that you had already read this book.
2. He did it better than we had expected. 3. He said that
the bus would be here soon. 4. He told us that he would do
this work himself 5. They decided that they would bring
us all the books we need. 6. He said that he could not do
it without my help. 7. I decided that next year I should go
to the Black Sea coast. 8. It was decided that we would
begin our work at eight o'clock. 9.1 told them that I was
leaving for Minsk next day. 10. The boy did not know that
he had already received a good mark. 11. The students
wanted to know when they would pass their examinations.
12. We saw that our teacher had just gone out and he would
come back soon. 13. He said we might keep the books as
long as we liked. 14. We knew that he would not be able
to make his work in time and decided to help him.
15. We understood at once that this control work would be
a difficult one.