Падежи в казахском языке
В казахском языке существуют 7 падежных форм существительных:
1. Атау септік (Именительный падеж) Кім? – Кто? Не? – Что?
2. Шығыс септік (Исходный падеж) Кімнен? – От кого? Неден? – От чего? Қайдан? – Откуда? Қашаннан? – С какого времени?
3. Жатыс септік (Местный падеж) Кімде? – У кого? Неде? – На чём? в чём? Қайда? – Где? Қашан? – Когда?
4. Барыс септік (Дательно-направительный) Кiмге? – Кому? Неге? – Чему? Қайда? – Куда?
5. Ілік септік (Родительный падеж) Кімнің? – Кого? Ненің? – Чего?
6. Табыс септік (Винительный падеж) Кімді? – Кого? Нені? – Что?
7. Көмектес септік (Творительный падеж) Кіммен? – С кем? Немен? – С чем?
Объяснение:
не за что
Юстиниан І (Justіnіanos І) (482/83, Таурисий, Жоғары Солтүстік Македония – 14.11.565, Константинополь) – Византия императоры (527 – 565). Шаруа отбасынан шыққан. Өзінің үлкен ағасы император Юстин І-нің (518 – 527) көмегімен император сарайына жақын болып, мемлекеттік істерге үлкен ықпал етті. Таққа отырған соң империяның бұрынғы шекараларын қайта қалпына келтіруге тырысты. Жер иеленушілер мен құлиеленушілерге сүйенді, православие дінінен қолдау іздеп, сенаторлардың қарсылығын шектеуге тырысты. Мемлекеттік саясатта императордың әйелі Феодора үлкен рөл атқарды. Юстиниан І кезінде рим құқықтары толықтай қалпына келтіріліп, заң шығарушылық қызмет императордың шексіз билігін орнатуға, құл иеленушілікті нығайтуға бағытталды. Оның 536 – 538 ж. жүргізген реформалары мемлекетті орталықтандыруға жағдай жасады. Әкімшілік округтер үлкейтіліп, мемлекеттік аппарат пен армия күшейтілді. Қолөнер мен саудаға мемлекет бақылауы қойылды. Юстиниан І-нің кезінде салықтар көбейіп, еретиктер қатаң қудаланды. Ол алып құрылыстар жүргізуге (варварлардың баса-көктеп кіруінен қорғану үшін әскери бекіністер, қалалар, сарайлар мен ғибадатханалар салуға) үнемі қолдау жасап отырды. Кең көлемді жаулап алу саясатын жүргізді: варварлар басып алған Батыс Рим империясының жерлері (533 – 534 ж. Солтүстік Африка, Сардиния, Карсика, 535 – 555 ж. – Апеннин түбегі мен Сицилия, 554 ж. – Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігі) қайтадан тартып алынып, бұл жерлердегі құлиеленушілік тәртіптер қалпына келтірілді. Шығыста Иранмен (527 – 532, 540 – 561), солтүстікте славяндармен соғыс жүргізілді. Византияға қосылған жерлерде император билігіне қарсы жиі-жиі халық көтерілістері болып тұрды. [1]