Портрет - адамның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу. Мысалы:
"Көк бурыл қабағы, селдiр мұрт, ұзынша сұйқылт сақалы бет алдын буалдырландырып жiберген."
Пейзаж - табиғатты суреттеу. Мысалы:
"Кешкі ымырт тез тұтасып,төңірек тұнжырай бастады."
Эпиграф - қаламгерлердің жазылған шығармалардың мазмұны мен идеясына қарай алдына келтірген нақыл сөздері не өлең жолдары. Мысалы:
"Қайда екен, шіркін, сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын жылыстап,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!"
Эпизод - шығарма сюжетіндегі жеке оқиғалар. Мысалы:
"Есін жиып, көзін ашқанда көргені ұлын құшақтап, ботадай боздаған әйелі мен қолын айқастыра телміріп тұрған ақ халатты дәрігер жігіт."
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Мысалы:
"Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Бұраң бел,бойы сұлу, түзу аяқ
Болады осындай қыз некен-саяқ."
Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Мысалы:
"Аспан-жасыл жайма.
Жұлдыз-ақық,
Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып.
Көк- заңғар.
Дала-шалқар.
Бұл сұлулық
Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып."
Гипербола – затты, нәрсені өз шамасынан ұлғайтып, асыра суреттеу. Мысалы:
"Омырауы даладай,
Жолбарыстай жон түзген
Аш күзендей бүгілген,
Ор киіктей жүгірген,
От басы орны отаудай,
Қабырғасы жонсаудай
Ор қояндай қабақты,
Қиғаш қамыс құлақты,
Тарланды мінер ме екенбіз?"
Литота - затты, нәрсені өз шамасынан төмендетіп, кішірейте суреттеу. Мысалы:
"Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты
Етектейін еріннің,
Екі елісі қалыпты
Қиған қамыс құлақтан,
Жалбыраған жалыннан
Жалғыз қарыс қалыпты."
.
b²=25²-15²=(25+15)*(25-15)=40*10=400=20²
b=20