М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastysh20011
nastysh20011
10.08.2022 19:59 •  Қазақ тiлi

Текст на казахском шесть предложений о жизни села и города​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
katya100507
katya100507
10.08.2022

Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.

4,7(41 оценок)
Ответ:
Kiska41384
Kiska41384
10.08.2022

Киіз үй көшпенділер өркениетінің озық үлгісі

Объяснение:

тұрғын үй тұрғысынан танудамыз. Жеріміздегі бірнеше жүздеген, ескі қалалар мен қорғандар немесе егіс алқаптары мен бау-бақша орындары осы түсініктің қарама-қарсы дәлелі бола тұра, өз ұлтымызды көшпенді дейміз. Ұлтымыздың қалыптасуынан бастау алатын ата кәсіптің бірі – мал шаруашылығы болғандықтан,төрт түлік малдың жаз жайлауы мен қыс қыстауына, өсетін шөбі мен ішетін суының малға жайлылығы мен жұғымдылығына сай, көшіп жүретініне қарай бүкіл ұлтты көшпенді санау, қай жағынан да орынсыздау екені анық.

Малдың күші, сүті, еті, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы – өмірінің, тіршілігінің негізін құрайтыны рас. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан және қосатын үлесі зор екенін мойын­дай отыра, қазақ ұлты тек малдың соңында бел асып, көшіп жүрді деп ойлау негізсіз. Мал бағу ата кәсіптің бірі ғана саналады. Ұлтымыз осы кәсіптің негізінде табиғаттан жауынгерлік, табиғат заңдылықтарына сәйкес тіршілігін жос­парлау, поэзия, көркем тіл, сәулет өнері, ойға тапқырлық, салт-дәстүрлерін қалыптастырудың негіздерін қалауда тәлім-тәрбие алды. Бірақ қазақ көшпенді халық емес, бұл менің жеке пікірім. Өз пайымым бойынша көшпенділер санатына атамекеніне оралмайтындар жатады. Мен осы орайда қазақы киіз үйді басқа қырынан талқыламақпын. Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне назар аударсаң, жинақылығы мен ыңғайлылығы өз алдына, сәулеттік шешімі мен сырт пішімі ерекше сұлулығымен дараланып тұр. Ғалымдардың пікірінде киіз үй сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің біріне жатады. Небәрі сүт пісірімдей уақытта, бір түйеге жүк болатын киіз үйдің қаһарлы қысқа да төтеп беретін тұрғын үйге айналуымен қатар, дөңгелек кескіндегі бөлме ауасының алмасуы төрт бұрышты кескінді бөлменің ауасы тазаруынан 5-6 есе тезірек болатынын қазіргі архитектура ғылыми жетістіктерімен дәлелдеген. Еуропалық тас, бетон үйлер мен заманауи полимерлік материалдарының әртүрлі температуралық жағдайда бөлетін химиялық қоспалары бөлме ауасының 35 пайы­зын құраса, киіз үй адам денсаулығына тіпті зиянды емес екені ерен талантты адамдардың арғы тамыры ауылда жатқанын түсіндіреді. Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – кереге, босаға – сықырлауық есік, уық, шаңырақ біркелкі сәмбі талдан жасалады. .

4,7(33 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ