Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Мәдениетті адам мәдениетті қоғам кепілі.
Қоғам- бізден, яғни адамдардан тұратын орта. Ал, адамдар, бір-біріне ұқсай қоймайтын жаратылыс. Адамдардың сырт пішіні қандай әртүрлі?
Оның сыртқы келбетіне қарап мінез-құлқын, білімін білу, бағалау қиын.
Ал, мәдениетті адам дегеніміз кім? Оның қоғам жағдайына қатысы барма?
Орынды сұрақ. Мәдениетті адам- мейірімді, ұстамды, саналы, салауатты, қайырымды, шыныл. Ол өзін қандай орта да, қандай жағдай да болса да ұстай алады. Оны қалыпты жағдайынан шығара қою оңай емес. Оған жанжалдасу, төбелесу, ұрысу, ұрлық, тағы басқа жағымсыз әдеттер өте жат. Олай болса мәдениетті адам қоғам кепілі деп нық айта аламыз.
Объяснение: