Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді: Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.
Бірінші – ғаламат өнерімен атақтары бүкіл елге жайылған Сәннәт пен Зеннәт атты екі ұстаның ұлы достықпен өмір сүруі;
екіншісі – Сәннәттің жеті қызы, Зеннәттің жеті ұлы болып, бір-бірімен құда болуы және қыздарына ісмерлік, ұлдарына зергерлік, ұсталық қонбауы; үшіншісі – Сәннәт пен Зеннәтқа қылышынан қан тамған хан Ми-Лаудың жалғыз ұлы Жәәйді өздерінен асқан зергер етіп шығаруға бұйрық беруі және екі ұстаның Гүлсәнә атты қызы мен Ғиззат атты ұлының дүниеге келіп, тағы да бір-бірімен құдаласуы, олардың сұлу әрі он саусағынан өнер тамған шебер болып өсуі; төртіншісі – хан Ми-Лаудың Гүлсәнәнің сұлулығына таңданып, жалғыз ұлы Жәәйге атастыруы, оларға Ғиззатты малай етуі және Сәннәт пен Зеннәттің зар илеп қиналуы; бесіншісі – Жәәйдің періштедей екі сәбидің (Ғиззат пен Гүлсәнәнің) сұлу мүсіндерін алып жартасқа қашап салуы және Жәәйдің қаза табуы, хан Ми-Лаудың Ғиззат пен Гүлсәнәға көрсеткен зұлымдығы; алтыншысы – Ғиззаттың Гүлсәнәні хан Ми-Лаудың қорлығынан құтқаруы; жетіншісі – Ғиззат пен Гүлсәнәнің құшақтасқан қалпында ақ сәукелесімен аппақ мұзды шыңға айналуы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Объяснение: