1.Адамзатқа ғаламтордың пайдасы
Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.
Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.
Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.
Объяснение:
как то так)
ответ: "Мен Қазақстан азаматымын"
Туған Отан, туған жерім мен үшін бөлек әлем. Менің Отаным, кең байтақ жерім- Қазақстан. Ата-бабамыз ұрпақ үшін, біз үшін күресіп, осы жерді бізге аманат етіп қалдырған соң, елімнің азаматы ретінде мен жерімді әрқашан қорғауға, ол үшін күресуге дайынмын. Өз жеріңде нағыз батыр атанғанға не жетсін. Нағыз азамат елі үшін құрбан болудан қорықпайды. Көк туы желбіреген, тәуелсіздігі бар бейбіт елімді сүйемін. Осында туып өскеніміздің арқасында барлық жақсылықты, нағыз азамат болуды үйрендік.
Мен әрқашан өзімді мақтан етемін. Себебі мен ислам дінін ұстанған, ата-бабасы батыр, даласы кең, тәуелсіз де керемет Қазақстанның азаматымын.
Объяснение:
Көшірілмеген!
ответ: Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан. Доспамбет Бақшасарай мен Стамбұл қалаларында болып, жақсы білім алған. Отыз жылдай ғана өмір сүрген ақын ұрпақтарына өзінің құнды поэтикалық шығармаларын қалдырған. Оның өлеңдерінде жауынгерлердің жорықтары мен ерліктері жырланған. Батырларға тән ар-ождан мен намыс үшін күрескен жауынгерлерді керемет суреттей білген.
Доспамбет жыраудың толғау түрінде жазылған бірнеше шығармасы сақталған. Олар: «Айнала бұлақ басы тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын, Ақ Жайық».
Доспамбеттің терең толғаулары жас ақындар, соның ішінде Бұқар жырау шығармаларына көп әсерін тигізді.