Менің әр күнім өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді.Бірақ менің күнделікті жұмысым бар, мысалы, мен оянған кезде алдымен тістерімді тазартуға барамын.Сосын төсегімді жинаймын. Сосын таңғы ас ішемін.Біраз уақыттан кейін мен заттарымды жинап, киіне бастаймын, Мен оқуға барамын.Мектепте түскі ас ішемін.Мектептен кейін достарыммен демаламын, серуендеймін біраз уақыт өткен соң үйге қайтамын.Кешкі асқа анама көмектесіп, кешкі ас ішемін, содан кейін демалуға уақыт табылады, бұл уақытта ата-анаммен сөйлесіп, мектепте болған қызықты оқиғалармен бөлісемін.
Сабағымды оқимын. Теледидар көремін, кітап оқимын, Интернетте отырамын.Сосын, тістерімді тазартуға барамын.Содан кейін төсегімді түзеп, жатамын.Сосын көзімді жұмып ұйықыға батамын. Жаңа күнде сергек, белсенді болу үшін.
келе жатса, абайсызда бір терең
апанға түсіп кеткен екен
Шыға алмай тұрса, бір қой су іздеп жүрген екен,
әлгі апанға кез болған,аюны көрген ол
- Ей, аю
батыр, не қылып тұрсың? -
депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі
ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен,
- депті аю.
Мұны естіп қой:
«Мен де салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлапты, секіріп апанға түскен екен. Сонда аю секіріп қойдың үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепкен де, ырғып далаға шығып, жөніне кеткен екен.
«Өтірікке алдансаң, басың бәлеге душар болар екен» деген сөз
осыдан қалыпқан.