1-тапсырма. сурет бойын- ша екі шамның диало- гін құрыңдар. алдымен дереккөздерден олардың пайдасы мен зияны ту- ралы ақпарат жинаңдар. диалогте оздік, болымсыздың есімдік- тері бар 2 мақал-мәтел қолданыңдар.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген а екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз.
1.ақ шам бастайды
1.сәлем
2.сәлем
1.не істеп жатырсың
2.әдеттегідей адамдарға жарық беріп жүрмін
1.ха ха сенен қандай жарық шықсын,мені адамдар көп пайдаланады,ал сені тек кішкене бөлмелерге қояды
2.не болсада мен сене бұрын шыққанмын
1.ал сен оны қалай дәлелдейсің
2.алдында сәулеге үйге мұғалімі ең алғаш шыққан шамды тауып келіңдер деп тапсырма беріпті
1.ал содан ең алғаш шыққан шам мен бекенмін әлде сен бекенсің а
2.мен де емес сенде емессің ол керосин мен жағылатын қол шам екен
1.жарайды бәрібір мен сенің айтқаныңа сенбеймін
2.Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол. ,мені адамдар көп пайдаланады деген сөзіңе жауап сені басқа елде көп пайдаланады ал мені өз елімде көп пайдаланды
Объяснение:
мен тек 1 мақал қосып жаздым
Объяснение:
Объяснение:
мен тек 1 мақал қосып жаздым