Арықарай:Бірақ Кир патша Томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. Томирис Кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қабылдамайды. Қулығы іске аспаған Кир 530 ж. Массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. Массагеттер Кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. Соғыста Томиристің баласы Спаргапес тұтқынға түседі. Томирис баласын босатуын сұрайды. Бірақ, Спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. Томирис айтқанын тыңдамаған Кирге қарсы шабуылға шығады. Шайқаста массагеттер жеңіп Кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Объяснение: