М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
soldatgtr
soldatgtr
17.12.2022 06:44 •  Қазақ тiлi

Сұлулық туралы фразеологизмдер? ​

👇
Ответ:
Kfhjrhnf
Kfhjrhnf
17.12.2022

көзінің еті ості — көкірек керді, меименсіді; қолды болды — үрланды, жоғалды; басына іс тусті — істі болды, шаіылды; екі аяғын бір етікке тықты тықсырды, қуырды; көз жаздырды — адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады – менсінбеді, көзіпс ілмеді; опық жеді — өкінді, санын соқгы; аягына отыргызбады — теңдік бермеді, жуытпады; қолды-аяққа турмады — сабырсыздан-ды, кетті; көз байланды — қас қарайды, кешкірді; шыр бітті — семірді, қоц бітті; өкпссі өшті — шаршады, титықтады; қаламы үшталды ~ жазуга қалыптасты, төселді; шаң берді — бой көрсетті, көрінді; насырга шапты — асқынды, қырсықтіл; монтаң қақты — телмең қақты, жаутанды; жік-жаппар болды –жалынды, жалбарынды, өтіпіп сүранды; оқпаны толмады — азырқанды, місе тұтпады; аузының суы құрыды — таңданды, тацыркады; екі көзі төрт болды — зарықты, сарыла күтті; ат қуйрығын кесті — арыздасты, қастасты; ат ізін салмады - қа-тыспады, көріспеді; көзін жогалтты — кұртты, жойды; қолқа салды — сұрады, қалады; жіпке тізді — есепке алды, жинады т. б.

сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен ~ биік, үзын; қара қылды қак, жарган —әділ, турашыл; қағанағы қарқ, сагананл сарқ, — мәре-сәре, мәз-мейрам; қаламы жүйрік— жазгыш, қаламы төселген; ит түмсыгы өтпейтін — қальщ, бітік, ау; көк жан — арык, жүдеу; үріп ауызга салгандай — сүйкім-ді, әдемі; қой аузынан шөп алмас — момын, жуас; тонныц ішкі бауындай — ең жақын, әкей-үкей; он саусағынан өнер тамган — шебер, ісмер; тілінен тамган—шешен, тілмар; қөзі қырағы— көреген, жіті; көзден бір-бір ұшады — зәру кат; қара бет — ар-сыз, бетсіз; екі жүзді — опасыз, тұрақсыз; жүрек жүтқан — батыл, өжет, ер; аяк, алып жүргісіз — көп, қалың; аты шулы — атақты, әйгілі; аузын буған өгіздей — үндемейтін, мылқау; қолы ашык, — мырза, жомарт; еті тірі — пысық, ширақ; іске татыр — жарамды, іліп алар; кеспеге қарасы жок, —- семіз, май-лы; тас бауыр — мейірімсіз, т. б.

заттық мағыналы фразеологизмдер: кіндік кесіп, кір жуған — туған ел, отан; бір ауыздылық — ынтымақ, бірлік; аяі\ алысы — беталысы, багыты; суык, қол—- ұры-қары, жау-»жала; бас араздық—өшпенділік, қастық; ауыз бастырық—пара, ақы; бой щйсздік — жалқаулық, енжарлық; ел атсы — басшы, бас-қарушы; ұзын етек — әйел, қатын; к,ан ішер — бас кесер, жеп-дет; қара көлеңке — апақ-сапак, бейуақыт; қара халык, —- бұқара, көпшілік; қара мал — сиыр, ірі қара; құлақ естілмес, көз көрмес жер — алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ — үлкен үй, шыққан ұя; қара орман — жиған-терген, дүние-мүлік, бар дәулет; о дүние — ақырет, махшар; от басы — үй іші, ошақ басы, семья; ұзын қүлақ — өсек, сыбыс; шикі өкпе — перзент, ; шынжыр қ, шүбар төс — бай, манап, шонжар, т. б.

үстеу мағынасындағы фразеологизмдер: сақадай сай — дайын, әзір; атқан оқтай — түп түзу; тура; салған жерден — бірден, ә дсгеннен; ат үсті — үстіртін, жеціл-желпі; шу дегендс — о баста, әуелді; ит өлгсн жер — алыс, қашық; жүлып алғанша ~ тез, , ак, кар, көк мүзда — қыс ішінде, қыстыгүні; демнің арасыпда — аитқанша, лезде; көз ұшында — алыста, қашыкта; құлқын сәріде — ертемен, азанда; о баста — басында, алғашқыда; айдың күні аманында — тыныштықта, жайшылықта; қараптан қарап жүріп — бостан-боска, тсктен-текке; аттың жалы, түйенің қомында — асыгыс, қ; табан аузында — жал-ма-жан, қапелімде; тиіп қсииты — үіліргін, соқпа-соқпада; біртөбе — ерекше, апырықша; қаннен қаперсіз — жайбарақлт, бем-кам; коз алдында— бстпе-бёт, жүібс-жүг, аяқ, астынан ~~ кенеттен, жоқ жердс, т. б.

4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
KsenyaKnyazeva1
KsenyaKnyazeva1
17.12.2022

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек. Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан 2050 Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол деген Президентіміз. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Қазақтың армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

4,4(98 оценок)
Ответ:
oleg173173173
oleg173173173
17.12.2022

Екеуі қоста оңаша қалғанда жөн сұрасты. Жас бала айшылық алыс жолдан барымтаға түскен қыпшақ жылқысымен қоса айдалып келген. Түрікпен Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, күн-түн жортқан ат үстіндегі сергелдең он бір жасар оғланды дереу есейтіп тастамаса да, қапелімде азат басына түскен қыл бұғауды тосырқап, тілі байланып, жан ұшырған.

– Аға, біз қыпшақ, атам аты Ерторы, әкем аты Құлпейіс, анамның сүт кенжесі Кенжебекпін, – деді бала көзі жасаурап, мөлтең қағып.

– Балам, сен мені жылқышы ата дерсің, – деді қазақ шал түсі жылып, – құдай аламанға кезіктіріп, таландыға бір түскен екенсің, бекер жаси берме. Ай-Күн жарықсыз болмас.

Ат құлағында ойнап өскен қыр баласы сол қырғын күнгі мың жылқысын қорыған қыпшақтың шетінен сүйекті, сай тасындай ірі, сом білегі тізеден келетін үш ер азаматының қасында шоқайып, өзі тіленіп, ат арқасынан түспей қойған. Қырық қаралы теке түрікпен* жер астынан шыққандай, жусаған жылқыға андыздай тигенде аз қыпшақ сүйірленіп, найза кезене, қарсы шабуылға қасқая ат қойды. Ешбірі тірі қалмасын білген, өлсе, жастығын ала өлмек. «Жал-жал құм арасына қаш! Қалың жыңғыл, сексеуілді панала, тез тығыл, жотадан ассаң, жау таппай қалар, құтыл, бауырым!», – деп бірі артына қарайлай бере, Кенжебекке жанұшыра айқайлаған.

Кенжебек астына мінген дегдар тұяқты жануар қиқу тиіп, құйрық-жалы нөсердей құйылып, дүр сілкінгенде желдей ескен мың бас жылқыдан үркіп, кісінеп салды. Ойдым-ойдым құм арасы жылқы жаюға қолайлы болғанымен, ат күрмеліп, шаба алмайды. Бала ішіне шоқ түскендей, айнала үшеуін, батыр ағаларын ажал сұмға қимай, көн садағын қолға ала ұмтылды. Омыраулай қарсы келген жалбыр бөрік дәу түрікпен ат үстінен қарғадай баланы жұлып кеп алды. Ұрыста жазым болып, қосақ арасында бекерге өлмесін деп ол баланы алдына лақша өңгере салды.

Жылқы күзеткен арыстай үш жігіт ұрыста өліп, Ерторының немересін табын-табын жылқымен қоса теке түрікпен олжалап, күнбатыс еліне айдап әкеткенін естігенде, тұсауы кесіле сала ат арқасына мінгізген қыпшақ елі ұлардай шулап, қатындар дауыс сала, бет жырта жылап, аһ ұрып қала берді.

– Қай ноғайсың? – деп сұрады бала іркілмей.

– Қаңбақша ауып, тамырсыз дедектеген мен бір қаңлы.

– Қаңлы ішінде қай аталық? –деді бала ересек адамша сыр тартқысы кеп.

– Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім, қарағым. Бабам азан шақырып қойған есімімді, сүйегімді жариялап айтпай-ақ қояйын. Сен сұрама.

Кенжебек жалшы шалдың ата тегін, руын дәл атауға құлықсыз екенін, батпандай құпия қайғысын нұры тайған көзінен ұқты. Әйтпесе тұқымы асыл болса астындағы атына өз тайпасын қосақтай айтуға шалт қазақ нәсілінен ғой.

– Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

– Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.

Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

4,4(83 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ