М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nestieeeeeee
nestieeeeeee
25.01.2020 22:23 •  Қазақ тiлi

Сейчас соч вот с этим вопросом​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
AlexSashka2003
AlexSashka2003
25.01.2020

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, үш бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

4,4(83 оценок)
Ответ:
Qulya15
Qulya15
25.01.2020

Сонымен желтоқсан аяқталады, демек бүкіл қала, бүкіл ел, тіпті бүкіл әлем жылдың ең маңызды мерекесі - Жаңа жылға дайындалуда. Дүкендерде сыйлықтар мен жаңа жылдық дастарханға тамақ үшін кезектер бар. Жаңа жылдық қарбаласта барлық ересектер сәл бақытты бола бастайды. Ересектер бақытты бола бастағандықтан, отбасында Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі бар. Себебі жаңа жыл - бұл отбасылық мереке. Жаңа жыл мен үшін ең жақсы мереке қалай болатынын білесіздер.

ПЕРЕВОД:

Вот и подходит к концу декабрь, а это значит что весь город, вся страна, а даже весь мир готовится к самому главному празднику в году, к новому году. В магазинах очереди за подарками и продуктами на новогодний стол. В этой новогодней суете все взрослые становятся чуточку счастливее. И из-за того что взрослые становятся счастливее, есть традиция праздновать Новый год в семье. Потому что новый год семейный праздник. Знаете как для меня новый год самый лучший праздник.

4,8(10 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ