Александрия кiтапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кiтапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кiтапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кiтапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында (1933, №39).
Александрия кiтапханасының хазірет Әмір жарлығымен өртелгені — алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм. Оған Франция Ғылым Академиясының 1923 жылы 30 наурызда “Таң” газетінде жарияланған мәліметтері кейбір орыс деректері (“Брокгауз — Эфрон” сөздігі, 1891 жыл) де дәлел бола алады.
Шын мәнінде кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б. 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын қоры Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны Серапион махалласына шабуыл жасаған фанатик христиандар өртеп жіберген (341 жыл). Яғни аталмыш ғылым қазынасы Искандерия қаласын арабтар алудан 301 жыл бұрын жойылып кеткен.[1]
Ілік септік (Родительный падеж) Кімнің?- чей?
Ненің?- чего? Дауысты, үнді (после гласных и согласных н,ң,м) - ның –нің - ж,з,р,л,й,у дыбыстарынан соң (после данных звуков) - дың – дің - к,п,с,т,ф,ш,қ,б,в,г,д
дыбыстарынан соң (после данных звуков) - тың - тің-
Барыс септік (Дательный падеж) Кімге?- кому? Неге?- чему?
Қайда?- куда? Дауысты және н, ң, м, ж, р, л, й дыбыстары- нан соң (после гласн-ных и данных согл) - ға - ге -а –е - п, с, т, ф, ш, б, в, г, д дыбыстарынан соң (после данных звуков) - қа - ке -1 және 2 жақтың тәуелдік жалғауларынан кейін -а, - е- (после притяжат.окончаний 1 и 2 лица;
-а, - е-)3 жақта (после 3 лица- на - не -)
Табыс септік (Винительный падеж) Кімді? - кого? Нені?- чего? Кімін?- кого? Несін?- чего? Дауысты (после гласных)
-ны - ні - н м, н, ң , з, ж, р, л, й, у
дыбыстарынан соң (после данных звуков)
- ды - ді - к, қ,п,с,т, ф, ш, б, в, г, д
дыбыстарынан соң (после данных звуков)
- ты - ті -
Жатыс септік (Местный падеж) Кімде?- у кого? Неде?- на чем? в чем? Қайда?- где? Қашан?- когда? Дауысты және
м, н, ң, з, ж, л, р, й дауыссыздарынан соң (после гласных, также после данных согл) - да - - де - -сы, - сі- тәуелдік жалғауларынан соң (после данных притяжательных
окончаний) - нда - - нде - к, қ, п, с, т, ф, ш, б, в, г, д дыбыстарынан соң (после данных звуков) - та - - те -
Шығыс септік (Исходный падеж)Кімнен? - от кого? от чего? Қайдан?- откуда? Қалай?-как? Дауысты және з, ж, р, л дауыссыздарынан соң (после гласных и данных согласных)
- дан - ден - м, н, ң, сы, сі дыбыстарынан соң (после данных звуков) - нан - нен - к, қ, п, с, т, ф, ш, б, в
дыбыстарынан соң (после данных звуков) - тан - тен -
Көмектес септік (Инструментальный падеж)Кіммен?-с кем? Немен?-с чем? Қалай?- как? Дауысты және м, н, ң, р, л дауыссыздарынан соң (после гласных и данных согласных)
- мен -менен - з,ж дыбыстарынан соң (после данных звуков)
- бен - бенен к, қ, п, с, т, ф, ш, б, в, г, д дыбыстарынан соң (после данных звуков) - пен - пенен -
Ескерту: көмектес септік жалғаулары үндестік заңына бағынбайды.