Сәлем ,дос! Менің қимылсыз жатқаныма біраз болды.Сөмкеңде жатқанымды ұмытып кеттің-ау! Әсеттің қаламына қызығамын. Олар бірге түрлі қызықты мысалдарды шығарады. Бірталай эсселер жазып шықты. Сен мені қолдансаң, біз екеуміз небір қызықты тақырыптарға эссе жазып, есептердің жауаптарын тапқан болар едік. Әттең, сенің жалқаулығыңнан менің бүгінде түсім де оңып кеткендей. Есіңде болса, мені саған анаң сыйға тартқан еді. Дүкеннен мені алып жатып, сенің болашағыңа деген сенімін сездірген анаңның сенімін бірге ақтармыз деп ойлағам. Бірақ, олай болмады. Менің ендігі арманым - Әсеттің қолына түсу. Өзің қолыңа алмасаң , маған ренжіме. Сәлеммен- сөмкеңдегі еш жазбастан ескірген қалам!
Мен не үшін отансүйгішпін? Мен өз Отанымды сүйемін. Себебі ол менің кіндік қаным тамған жер. Анамның ақ бесігі тербелген жер. Өз Отанымның абыройын асқақтату менің Отан алдындағы борышым деп білемін. Оны қорғау үшін неге болса да дайынмын. Мен Отанымды сырттан келген дұшпанға таптатқым келмейді. Мен үшін оның әрбір тасы, құмы , тамшы суы тіпті ауасы да қадірлі де қымбат. "Отан отбасынан басталады",-деген бар. Отбасымның қашанда амандықта болғандарын қалар едім. Отанымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ең алдымен білім алуым керектігін де білемін. Біліммен кез-келген қамалды алып, биікті бағындыруға болады. ал,менің Отаным маған сол мүмкіндіктерді шексіз беріп отыр. Сол себепті де мен оны қорғауға міндеттімін.
Аударған(өткен шақ)
Өткен(өткен шақ)
Көрсету (осы шақ)
Сүй(осы шақ)
Деген (өткен шақ)
Басталатын (өткен шақ)
Аударылған (өткен шақ)
Көрсетіледі(келер шақ)
Сомдаған(өткен шақ)
Дайын(осы шақ)
Топтасқан(өткен шақ)
сәттілік