Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?Анықтауыштың негізгі белгілері; 1. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді 2. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді 3. Өзі анықтайтын мүшемен байланыс *матасу, қабысу түрінде болады Пысықтауыштың мағыналық түрлері 1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді. 2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік. 3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім. 4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді. 5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды. 6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.