ЖАЗЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. Тақырып бойынша «Қосжазба күнделігін» толтыр. Түсіндір. Түсініктемесі Сөйлем Казақта «тұмса табиғат» деген ұғым бар. Наурызды қазақтар «Табиғат-Ананың мей- рамы» деп атайды. Наурызда ғана жасалатын дәстүрлер бар.
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын,сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминозжануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құсполиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
Әлем елдері Жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алу дәстүрі де бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, Болгария халқы Жаңа жыл күні жарықтарды сөндiреді, себебі, жылдың алғашқы минуты сүйісу уақыты болып саналады. Ал Жапонияда Жаңа жылды қарсы алу сәтінде қоңырау 108 рет соғылады екен. Сонымен…. Панама Жаңа жылды алғаш рет Панамада қарсы алған кісінің тосыннан қорқып қалуы мүмкін. Өйткені мұнда Жаңа жыл мерекесі өрт сөндіргіш мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырарлық ащы даусымен басталады. Халық туыстарын, таныстарын, тіпті бейтаныстарын да осы қоңыраудың қуатты күмбірі астында құттықтайды. Осы күні мұнда керемет шу көтеріледі. Автокөлік сигналдары шыңғырып, сирена даусы ұлып, адамдар улап-шулап, не болса соны даңғырата қағып, азан-қазан болады. Бұл кезде жас балалар түгіл үлкендердің де қуанышында шек болмайды. Үндістан Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта (қыркүйектен наурызға дейін) қарсы алады. Үй иесі-от анасының міндеті — үйін өз қолымен істелген түрлі әдемі заттармен безендіру. Бұл елде Жаңа жыл мерекесінде ұшырылған батпырауықты садақпен атады екен. Батпырауықтың көлемі өте үлкен және түрлі түске боялады. Ең мерген біреуі оны садаққа жанып тұрған оқ салып атады. Батпырауық тұтанған кезде той басталады. Бұл тойда би биленіп, өлең айтылып, әр түрлі спорттық ойындар көрсетіледі. Кеш соңында әркім өз өнеріне сай сыйлықтармен марапатталады. Венгрия Венгрияда Жаңа жыл Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Венгрлер — өте ырымшыл халық. Мысалы, үйге бірінші болып әйел кірсе, бақытсыздық әкеледі деп сенеді. Сондықтан қонаққа бірінші болып тек ұл баланы жіберетін болған. Венгрияда Жаңа жылға бір секунд қалғанда ысқыру керек. Яғни осы арқылы олар жын-шайтандарды қуады. Итали Италияда Жаңа жыл мейрамы 6 қаңтар күні басталады. Итальяндықтардың сенімі бойынша, бұл түні сыпырғыш мінген мейiрбан пері Бефана ұшып келеді. Ол кiшкентай алтын кiлтімен есiктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кiрiп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толтырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдiң шөкiмiн немесе ұсақ көмiр тастап кетедi екен. Италияда Аяз ата Баббо Наталь деп аталады. Бұл елде Жаңа жылды жаңамен қарсы алу деген ырым бар. Сол себепті, мереке қарсаңында итальяндықтар өз терезелерінен ескi-құсқы заттарды сыртқа лақтырады. Итальяндықтардың жаңа жылдық дастарқанында міндетті түрде жаңғақ, жасымық және жүзiм болады. Бұндай тағам түрі — ұзақ өмiр, денсаулық және амандықтың нышанын білдіреді. Италияның шет аймақтарында ежелден келе жатқан салт бар. Яғни олар таңертең ерте тұрып бұлақтан су әкеледі. Сенім бойынша су бақыт әкеледі.Шотландия Шотландияда Жаңа Жыл мерекесін «Хогмани» деп атайды. Жаңа жыл түні дәстүр бойынша Ескі жылды шығарып салу және Жаңа жылды қарсы алу рәсімі өтеді. Шотландықтар мереке күні үйлеріне кім бірінші болып кірсе, келесі Жаңа жыл бойы отбасыларында сәттілік пен сәтсіздік соған байланысты деп есептейді. Олардың пікірінше, үйге сыйлық алып келген қара шашты еркек үлкен сәттілік алып келеді. Бұл дәстүр «ферст футинг» деп аталады. Жаңа жылда ұлттық тағамдар дайындалады. Қонақтар міндетті түрде Жаңа жылдық каминге лақтыру үшін көмірдің кесегін ала келеді. Дәл түн ортасында Ескі жылды шығарып салып, Жаңа жылды кіргізу үшін есіктер айқара ашылады. Колумбия Колумбиядағы Жаңа жылдық карнавалдың басты кейіпкері — Ескі жыл. Ол топтың ішінде биік ағаш аяқпен қыдырып жүреді және балаларға қызықты оқиғалар айтып береді. Колумбияда Аяз ата — Папа Паскуале деп аталады. Вьетнам Тет — вьетнамдықтардың ең көңілді мерекесі осылай аталады. Олардың күнтізбесі бойынша Жаңа жыл ерте көктемде, яғни 21 қаңтар мен 19 ақпан аралығында атап өтіледі. Мереке күні жыл сайын өзгереді. Вьетнам халқы әр үйде бір құдай тұрады деп сенеді. Жаңа жылда ол аспанға ұшып, жақсы адамдардың тілегін орындайды екен. Бір кездері олар құдай тұқы балығының арқасында жүзіп жүреді деп ойлаған. Ал қазірде ойыншық тұқы балығын алып, тілек тілеп, өзенге ағызып жібереді. Сондай-ақ бұл елде Жаңа жылдың алғашқы сәтінде үйге келген қонақ отбасына бақыт әкеледі деген сенім бар. Вьетнамда Жаңа жылдың символы — шабдалы бұтақтары. Бұндай бұтақтар әр үйде болуы тиіс. Мереке күні вьетнамдықтар шабдалы ағашының бүршік жарған бұтақтарын бір-біріне сыйға тартады. Ал кішкентай балалар қолдан жасалған шартылдақтарымен атысу үшін түннің дәл ортасын тағатсыздана күтеді.