1. Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы қазан айының 22 жұлдызы күні Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды поселкісінің Үшкөң ауылында туған. 1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қатарына шақырылған өрімдей жас Әбдіжәміл Оңтүстік және Прибалтика майданында соғысқа қатысады. «Курляндия» романын жазуға кіріседі. Оны бітіріп, баспаға берген соң бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. Келесі 1945 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтына түсіп, оны 1956 жылы бітіреді. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанады.
2. «Қан мен тер» трилогиясы-ел, халық оның әлеуметтік тағдыры туралы шығарма. Уақыты өзгергенмен, заманылық зәрулігі өзгермейтін туынды.
Роман үш кітаптан тұрады: 1) Ымырт (1961 жылы жарияланды), 2) Сергелдең (1964), 3) Күйреу (1970).
3. Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екенін байқадым.
Объяснение:
Күрілдектің күтірінде жеген таяқтан кейін қатты ауырып еңбекке күші келмеген Мұқаң Зәуре атты ұзатқан қызының аулына көшіп келеді. Зәуренің күйеуі — бес мың жылқы біткен Есеней байдың інісі, Еменалының кенже баласы. — Аты — Сүлеймен — әкеммен жасты. Зәурені ол тоқалдыққа алған. Бұл ауылда біздің үй бір қыс болған деседі. Ол жылы мен төрт-бес жаста болсам керек. Со жылы кездескен адамдардың ішінде, менің сәбилік есімде апам да, жездем де, басқалар да сақталмаған тек қана елесі сақталған жалғыз адам — Саятшы Ораз. Кейін ол адамның түр-тұлғасың кескін-кейпін айқын танып, қызыға қарап жүрдім. Орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара кезді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын кең шалбарының балағын ішіне сала, қонышын тізеден асыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғың дәрісің тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам еді ол... Менің есімде бұл кісі соншама айқын сақталмас па еді, қайтер еді, — егер со қыста, біздің үйдің күн көруіне оның көп жәрдемі тимесе...
Кейін білдім, жездем Сүлеймен орта дәулетті болғанмен сараң адам екен. Сондықтан ба, болмаса Оразбен бұрыннан көңілдестігі бар ма, менің әкем 1904 жылы жездемнің аулына көшіп барғанда, қысқы үйін күйеуінің қасынан емес, Ораз үйінің қасына салыпты.