Дауысты дыбыстар
Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у.
Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.)
Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі.
1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің үлесі 200млрд. тоннадан астам. Көмір бассейіндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Шу, Теңіз-Қорғалжын, Іле, Орал Каспий жатады.
Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отарған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай