М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
needlife
needlife
13.02.2022 14:57 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі 6 сынып 150 бет 3 тапсырма​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dasha54321d
dasha54321d
13.02.2022
Кембірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы менинтерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды
4,4(29 оценок)
Ответ:
irynks468dig
irynks468dig
13.02.2022

ответ: қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен қ, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттеледі. олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды. қазақтың дәстүрлі киімдерінің ішінде жас ерекшеліктеріне байланысты киімі ерекше саналды. дүниеге келгенде, ол жолдасында туса, онда онымен бірге бақ-дәулет, бақыт келді, - деп сол кезде «көйлегінде туған» деп айтқан. туғаннан кейін, жолдасын алып кептіріп, бақыт үшін сандықта сақтаған. бұл әдет сібірдегі түркі халықтарының арасында да кездеседі [1]. ал тұзды суға шомылдырып, денесі жара болмас үшін және жылы, әрі жұмсақ болсын деген ниетпен қойдың жабағы жүніне аунатып алатын салт болған. сондай-ақ нәрестенің ең алғаш киетін киімдерінің бірі – иткөйлек. ол жұмсақ сисадан не жұқа бәтестен жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып алатын да, шет-шетін бүкпей, екі жанын қолмен тепшіп жас ң нәзік етіне тігістің батпауы үшін дайындалатын. иткөйлектің етегін бүкпеу әдеті – ң жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеген ырымнан туындады. әдетте, иткөйлекті қырқынан шығарғанша кигізген. содан соң оны тәтті дәмге толтырып, ауыл шақырып, иттің басына іліп жіберетін болған. бұл қауіп қатерден сақтаудың және ит тиюден сақтаудың бірден-бір жолы деп білген. ал кейбір өңірлерде, иткөйлектегі тәтті дәмдерді бөліп алғаннан кейін, ол иткөйлектен үш бұрышты бойтұмарлар жасап мойындарына іліп жүретін болған. ең алғашқы қырқын шашты домалақтап, оны көз тимесін деген ниетпен ң киіміне тағып қоятын болған. сондай-ақ бесікке әр түрлі қорғап қолдаушы саналған – үкі аяқ, жылан бас сияқты бойтұмарларды іліп қоятын болған. ң өмірін сақтау үшін, оның киімдеріне де әр түрлі амулеттер тағылды. олардың қатарында үш бұрышты матамен сырты қапталған құран аяттары жазылған бойтұмар, үкі қауырсындары мен тұяғы, сердолик және ақық сияқты асыл тастары бар әшекейлер мен қолына ақ-қара моншақ араласқан көзді білезік тақты. мұндай қасиетті бұйымдар сыртқы тіл-көздің энергиясын қабылдайтын магиялық қасиеті болды деп түсінді. әдетте, 1 жастан 3 жасқа дейінгі ң киімінде ерекшелік болмады.

объяснение:

4,4(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ