Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
аnстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек,
пореи, украиН ЖӘне т.б. тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ
жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай
жасады.
қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы
тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен ба-
уырына басТЫ. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті Жоғалмас үшін
қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде
барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір
сүріп келеді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың, ынтымақ пен ырыСТЫҢ ордасына айналды. Елбасы
Н. Ә. Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені
болуы керектігін міндет етіп ҚОЙДЫ.{Мәтіндегі болымды етістіктерді теріп жазып,болымсыз етістикке айналдыр. Сөйлем құра}
Синтаксистік талдау үлгісі:
1) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр. (жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)
2) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне (не істеп жатыр)? - ұсынып жатыр. [күрделі баяндауыш]
3) (Кімдер) қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр? – Оқушылар. [дара бастауыш]
4) Оқушылар (қайдағы) гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- қолдарындағы. [пысықтауыш]
5) Оқушылар қолдарындағы (нелерін) мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- гүлшоқтарын. [тура толықтауыш]
6) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын (кімдеріне) ұсынып жатыр?- мұғалімдеріне. [жанама толықтауыш]