Өткен аптада кітапханашылар күні атап өтілді. Дәстүрлі осы мерекемен жер-жерден аудан орталығына жиналған рухани байлық сақшыларын аудан әкімі Әділ Жоламанов онлайн режімінде байланысқа шығып, құттықтады.
Аудан басшысы ғасырлар тереңінен тамыр тартатын бай дәстүрімізді, моральдық-эстетикалық құндылықтарымызды сақтап, насихаттауда, адамзат ақыл-ойын, тарлан тарихымызды кешегіден бүгінге жеткізетін асыл қазына - кітапты бұқараның қолына ұстататын сала еңбеккерлеріне уақыттың мықты талабын әңгімеледі.
Сондай-ақ Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаева аудандағы әріптестеріне өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тыныс-тіршілігіне, ақпараттық-техникалық дамуына, қазіргі мүмкіндіктеріне оның директоры Роза Мусағалиева тоқталып өтті.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің нысанасы - сапалы қызмет көрсету. Бұл жүйеге топтастырылған 45 кітапхана бар, оның бесеуі - модельді. Аудан бойынша жалпы кітап қоры 579485 дананы құрайды. Олардың ішінде 296061 данасы - қазақ тіліндегі әдебиеттер.
Сала мекемелері жаңа әдебиеттермен қамтамасыз етіліп тұрады. Есепті мерзім ішінде оқырмандар саны 28981 адамға жетті. Заман ағымына сай жаңалыққа ұмтылуды басты мақсат ете білген рухани байлық ордалары әрдайым үдеден көрінуде. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Есенсай кітапханасы жаңаша жабдықталып, «Модельді кітапхана» мәртебесін алды. Аудандық кітапхана жанынан «Муза» шығармашыл оқырмандар отауы, мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға арналған «Нұр» рухани отауы, Мерген модельді кітапханасында мүмкіндігі шектеулі жандардың «Сырлы саусақ» клубы, Алмалы модельді кітапханасында «Жас қалам» клубы барған сайын бай тәжірибе жинақтауда. Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен Орал өңірі жастары арасында өткізілген V облыстық Қадыр оқуларында «Муза» мүшесі Әнуар Аманжолов І орынды иеленді. Кітапханаларда жыл қорытындысы бойынша үздік оқырмандар» анықталып, марапатталып отырады. «Орал өңірінің оқырман отбасы-2016» байқауында оқырмандар Қайырғужиндер отбасы І орынды иеленді.
Осындай жетістіктермен қатар басқа да ауқымды істер, міндеттер шара барысында жан-жақты сөз болды. Ағымдағы жылы бүкіл ел болып оқуға зар-заман ақыны Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы ұсынылды. Елбасының еліміздің жетістіктері мен түйінді мәселелерін саралап, алда тұрған басым бағыттарын айқындайтын жолдауларын қалың бұқараға насихаттауда жинақталған тәжірибе де толымды. Танымдық шаралар алуан қырлы бола түсті, осыны одан әрі шығармашылықпен өрістеткен абзал.
«Кітаптан алыстасақ ұрпақтың, бәріміздің де болашағымыз бұлдыр, күндеріміз күңгірт тартады. Сондықтан бүгінгі ұрпақты қасиетті де киелі кітап өлкесіне тарту жолында аянып қалмай, еңбек ете береміз»,- деген Роза Мусағалиева әріптестерін заман сұранысына сай ізденіске үндеді. Күш - білімде, ал білім - кітапта. Демек, кітаптың тұрғындардың қалың арасына жетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған жөн. Әр қызметкерге мына дәуірде бастамашылдық, жарқын идеялар қажет-ақ. Жоғарыдан тек нұсқау күтіп отыруға болмайды.
Шара жас кітапханашылардың кәсіби шығармашылық белсенділігін дамытып, біліктілігін арттыру мақсатында «Үздік кітапханашы-2016» байқауымен жалғасты. Оған аудандық орталықтандырылған кітапханадан және ауылдардан барлығы 9 маман қатысты. Бірінші бөлімде олар өз мамандығының ерекшелігімен және мекеменің күнделікті жұмысымен таныстырса, екінші кезеңде Шерхан Мұртаза шығармашылығын насихаттаудағы әдістемелік мультимедиялық, библиографиялық құралдарын ұсынды. Келесі бөлімдерде өздерінің ізденістерін, жиған-тергенін, сонымен қатар мамандықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өнерлерін ортаға салды. Соңғы бөлімде бір рет қолданылатын үй тұрмысындағы заттардан киім үлгісін жасап, көрсетті. Осының бәрі шығармашылыққа, бастамашылдыққа, ұсынақтылыққа сын екені сөзсіз.
Қазылар алқасы - Тайпақ ірілендірілген кітапханасының меңгерушісі Светлана Тілекеева, «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық бөлімшесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Біржан Кухаев, Чапаев әйелдер кеңесінің төрайымы Балым Хамзина қатысушыларға өз бағаларын берді.
Мұның нәтижесінде «Үздік кітапханашы-2016» аталымына орталықтандырылған балалар модельді кітапханасының библиографы Гүлфия Төребаева ие болды. Гүлфияның атына бұрыннан да жылы лебіздер жиі естіліп келеді. Уақыт өткен сайын өзінің сүйікті ісіндегі тәжірибесін қанаттандырған ол мамандығын шексіз сүйетіні сөзсіз байқалады.
Байқау қорытындысымен сондай-ақ Алмагүл Ихсанова «Өнерлі кітапханашы», Айнұр Жылқайдарова «Талғампаз кітапханашы», Айнагүл Төрекешова «Ізденімпаз кітапханашы» (бәрі де аудандық кітапханадан), Құралай Табылдықызы (Қабыл) «Талантты кітапханашы», Жұлдыз Жұмағұлова (Қарағай) «Талапты кітапханашы», Светлана Аязбаева (Қарауылтөбе) «Кітап жанашыры», Айман Орынбасарова (Есенсай) «Үкілі үміт», Сүйрік Жолмағанбетова (Тайпақ) «Ұшқыр ойлы» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» секілді сөздер осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.
Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.
Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.
Халқымыздың ұлттығы мен салт - дәстүрін сақтап, ары қарай дәріптей білейік, ағайын!
ответ:Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты, ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық-саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр, -деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр.
Объяснение:
все просто