1)Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлы.
2)қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
3)Исатайдан айырылғаннан кейінгі өлеңдері жалғыздық сарынмен үндеседі. «Мұнар күн», «Еменнің түбі – сары бал» - Махамбеттің ішкі жан сырын, қайғысын көзінен қанды жас ағыза отырып, мұңая жырлаған жырлары.
4)Тәкен Әлімқұловтың «Жұмбақ жан» (1978) зерттеуі адамзаттық мәндегі ұлы тұлға Абайдың шығармашылық құбылысына ақын өскен орта, рухани нәр алған халықтық ілкі қасиетке толы қайнар бұлаққа эстетикалық биіктен, ұлттық рухтағы ойлы көзбен қараудағы ғылыми-зерттеушілік арнаға соны тыныс дарытты.Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды.
5)Тәкен Әлімқұлов
Адамзаттың ақыл-ойының даму тарихы туралы сөз қозғалғанда, мына біз, қазақ ұлтының перзенттері, жат жұрттардың алдына даналықтың үлгісі ретінде неге Абайды мақтанышпен атаймыз?
Әлем толық танып болмаған, олардың жүрегіне жетіп, санасына сіңбеген, оның үстіне мүлдем өзге ойлау жүйесі мен өмір сүру құбылысына ие тұлғаны дүниеауилық даналармен қатар қоюымызға, тіпті кей тұста оған ешкімді теңгермеуімізге қақымыз бар ма?
Ар-ұятымызды, ұлттық намысымызды, ой-парасатымызды кепілдікке бере отырып, ашығын айтайық: еш алаңсыз сеніммен "Бар" деп мәлімдей аламыз.
Кітапхана. Кітапхана адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Кітапханадан біз әртүрлі жанрдағы кітаптарды таба аламыз. Онда ежелден сақталып келе жатқан көне кітаптар да бар. Кітапхана өте тыныш жер. Кітапханаға барған кезде керек кітабыңды тауып, сонда отырып оқысаң болады. Тек тыныштық сақтауды ұмытпағаның жөн. Себебі, өзге адамдардың ойлары бөлінуі мүмкін. Кітапхана адамға құнды мәліметтер алатын жер. Егер сен оқысаң, ізденсең ақылды бола түсесің. Сол себептен ізденуді тоқтатпау керек. Білімді боламын десең ізденісте болуың керек. Үнемі талмай еңбектену қажет. Білім жолында көптеген қиындықтар кездеседі. Дегенмен талмай іздену арқылы қалағаныңа қол жеткізесің. Ал ізденістің көзі кітапта. Ал кітапханада құнды кітаптар мен мәліметтер жетерлік.