М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DetasGames
DetasGames
13.01.2022 14:38 •  Қазақ тiлi

4. Мақалдардан етістіктің шартты райын табыңыздар.
1. Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.
2. Сауысқаннан сақ бол.
3. Саяқ жүрсең, сақтан.
4. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
5. Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
5.Тест тапсырмасын орындау.
1. Қыстырма сөзді анықтаңыз.
А) Әрине В) Кінәлі С) Жолдастар Д) Қап Е) Алақай
2. Сөйлемде басқа сөздермен байланысқа түспейтін сөз.
А) зат есім В) Бірыңғай мүше С) сын есім Д) етістік Е) қыстырма сөз
3. Оқшау сөздер қатысқан сөйлем.
A) Көшкенде жүк артамын сары атанға, айтамын не бетімді Ойке апама?!
B) Жүректен шыққан жылы сөз, жылысын тауып жоқ болды.
C) Япырай, дүниеде ең сұлу әйел балалы әйел деген рас екен-а!
D) Нұрияның сәлемдемеге айтқан «Япыр-айы» көмекейімді бүлкілдетті.
E) Сол Әділбек сөзге шешен, өткір тілді де болыпты.
4. Сөйлем соңында келген қыстырманы табыңыз.
А) Бір қызығы, осында келгенімді ешкім көрген жоқ. В) Әйтеуір, жақсыңды асырып бағамыз. С)Не дәурен өтті деп, сірә, ешкім мазаламағанға ұқсайды. Д) Бұларыңызға мен де қосыламын, әрине. Е) Жақсы ағаның өкіріп жылағанын көрмесем, бәлкім, келісіп қалар ем.
5. Тыныс белгісі дұрыс қойылған оқшау сөзді сөйлемді табыңыз.
А) Беу шіркін туған жердің саф ауасына не жетсін. В) Ән – көңілдің ажары. С) Күмбірлей бер, домбырам! Д) О келгенің жақсы болды. Е) Бұлар берілген тапсырманы, сірә ұмытпаса керек.
6. Қаратпа сөзді белгілеңіз.
А) Рас, сізді күтіп отыр едім. В) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың! С) Байқаймын, ауыл әлі алыста. Д) Ұмытпа, бүгін бар. Е) Әукім-әукім, торпағым.
7. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік. В) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім. С) О не дегенің? Д) Жоқ, дұрыс емес. Е) Тыңда, елім, әнімді.
8. Қаратпа сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Азамат екенсің ғой, Иса! В) Үшінші, орысты айттыңыз. С) Ол – мұғалім. Д) Өзі осында келіп пе, сірә? Е) Ойбай, Жоламанның дүмпуі ғой!
9. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Тыңда, дала, Жамбылды! В) Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. С) Па, шіркін! Даусы дауыс-ақ екен! Д) Мә, мынаны қарай тұр. Е) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
10. Көңіл күйді білдіру мақсатында жұмсалатын қыстырма сөзді табыңыз.
А) Шынында В) Біріншіден С) Бақытымызға қарай Д) Оның айтуынша Е) Сайып келгенде
Үйге тапсырма: Мұғалімге қашықтан оқу туралы хат жазу-дәптерге-фото

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Ilja0413
Ilja0413
13.01.2022
Менің сүйікті ертегім "Зүбәржат қаланың сиқыршысы  " деп аталады.Оны жазған Александр Волков.Бұл ертегі күлкүлі және онша күлкүлі емес сәттерге толы.Ертегі кейіпкерлері өте батыл жандар:темір адам,Элли, Татошка.Осы кітаптың  әр бір  айырықша бөлігінде терең мағынасы бар. мысалы зүбәржат қаласына шабуыл жасағанда, Элли қорықпай өз мақсатына жетті. осы кітаптың маған ұнайтындығы - оны әр түрлі жастағы балалар оқи алады. және де осы кітап маған өте жарғыраған сәттерімен және батыл кейіпкерлерімен ұнайды.  
4,4(71 оценок)
Ответ:
luchik1608
luchik1608
13.01.2022

Объяснение:

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.

Жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын дала халқы әркез назарында ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай жайларды үнемі қадағалап, болжап, оны күні бұрын хабарлап тұратын жұлдызшылар да болған. Ондай адамдар қазір де бар. Солардың бірі – танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов.

Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға қалыптасқан болжамдар мен оның атаулары мен реттері әдеттегідей наурыз айынан басталады.

Өлара – екі айдың арасы. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. «Өларада жауын-шашын болса, жаңа (келесі) ай жауынды-шашынды болады» дейді халық. Бұл болжам әрқашан қатесіз келіп отырған.

Амал. Жыл оны екі айда айналып соғып тұратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халық бір сөзбен амал деп атаған. Яғни жылдың әр мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарының өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін өзгерісі мен көрінісін және оның бірнеше түрлерін айтқан. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар:

1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.

Құс қанаты. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Құстардың келуімен қар аралас жаңбыр, уық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап, амалға жатқызған.

Аласапыран. Көктемде, наурыз айында, кейде сәуір айында қар күрт еріп, жер лай болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз, қолайсыз мерзімді аласапыран дейді.

Бесқонақ. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында, болатын жауынды-шашынды күндер. Бұл – әр жылы соғып өтетін суық әрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.

Қызыр қамшысы. Сәуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері басталады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті» деп есептейді.

4,6(81 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ