Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.[2]
Объяснение:
Ардагер — құрметті, ардақты, қадірлі адам деген мәнді білдіретін этикалық ұғым. Ел қамын ойлап, намысын қорғаған, елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық ардагері деп жоғары бағалайды. Жеке адам қоғамда ерекше істерімен, ақыл-парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртышылыққа танылғанда ғана ардагер болады. Қазіргі кезде еңбек ардагері, соғыс ардагері деп атаймыз.[1]
Объяснение: