Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын.
Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады.
Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Мен Зарина Диасты өте қатты ұнатамын. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен жаттығуда достарыма Зарина Диасты білесің бе? Ол Қазақстаннан! деп айтамын. Олар Зарина Диасты танып Ооо! десе мен қатты қуанып кетемін.
Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
Кенесары қозғалысының түрлі кезеңдерін қамтитын фольклорлық шығармалар өте көп. Олар жанрлық қырынан алғанда көлемді тарихи жырлар, ғашықтық мазмұндағы дастандар, кейіпкерлердің арман-аңсарларын аңдататын лирикалық өлеңдер, Кенесарының Арқа жұртымен қоштасуын бейнелейтін толғаулар, тəлімі мол тарихи аңыздар, хан Кене мен Наурызбай төренің қазасын жоқтауға арналған ғұрыптық жырлар болып келеді. Бұлардан басқа, күллі қазаққа аты мəлім ақындар шығарған туындылар да аз емес. Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбайы», Көкбайдың «Абылай- Кенесарысы», Нұрханның «Жасауыл қырғыны», Саяділдің «Кенесарысы», Досқожа ақынның «Қоштасу жыры», М. Сералиннің «То ан», Д. Əлімбаевтың «Кенесары» дастаны сияқты т.б. жырлар Кенесары қозғалысын бейнелеуге бағышталған авторлық шығармалар тізбегін құрайды. Бұл шығармалардың басым көпшілігі көтерілістен соң туған.
Бұған қоса, Кенесары мен Наурызбай туралы жазылған тарихи ғылыми еңбектерді бір-бірімен салыстыра отырып оқыған кісі өмірде болған жайдың шындығы мен қо айырып, тарихи шындықтың көркем шындыққа қалай айналғанына көз жеткізері анық.