-Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақ кешігуде. Біз билетті қайта тапсыруымыз керек.
-Әке, керек емес!
- Ұлым, сен Прагаға қатты барғың келді сенің сезіміңді жақсы түсіп тұрмын. Анаң екеумізде барғымыз келген. Сонымен қоса билетке кеткен ақша шығыныда бар. Бірақ сен түсінуің керек ауа райы жақын арада жақсы болып кетпейтінін.
-Біз күте тұра аламыз! Ауа райының жақсы болып кететініне сенімдімін. Сен ойлағаннан да тез! Жаңбырдың жауып жатқаны да сейіліп келеді.
- Мен әуежайда күткім келмейді. Дұрысы біз билетті тапсырып, үйге қайта оралайық, Прагаға келесі жолы барамыз.
- Ал мен келесіні сонша күткім келмейді! Мүмкін ол кезде де жаңбыр болады. Сондықтан қазір күтіп кеткеніміз абзал!
- жақсы біз екі сағат күте тұрамыз, егер ауа райы жақсы болмаса үйге қайтамыз.
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.