Объяснение:Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/28769
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Мен үшін біздің еліміздің болашағы өте маңызды. Біздің еліміз,біздің жеріміз, біздің Тәуелсіз Қазақстан! Ежелден бері біздің ата-бабамыз тәуелсіздік үшін, жер үшін күрескен.
Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша,бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен. Олардың бірі бізге өте ауыртпалы зардаптар әкелген ашаршылық жылдары(1930-1933). 1930 -1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. Ал 1946-1980 тоқырау жылдарында қазақ халқының қамын ойлап, тағдыр үшін, адалдық үшін күрескен,ақын-жазушыларымыз бен зиялы қауым Кеңес одағының тоталитарлық режиміне қарсы шыққаны үшін репрессияға, қуғын-сүргінге ұшырады.
Мен біздің ата-бабамызға ризашылығымды білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің еліміз тәуелсіздігін алып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп,басқа елдерді мойындаттырдық. 1991 жылы 1 қаңтарда тұңғыш елбасымыз болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Басты жаңалықтарының бірі – 1993 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының конституциясы қабылданды. Содан бері еліміздің экономикасы, әлеуметтік жағдайы реттелді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында мақсаттар қойып, сол мақсаттарға халықпен бірге жетуде. Меніңше, ең негізгі мақсаттарның бірі – Азия Барысы атағына ие болып, дамыған 50 елдің қатарына қосылу.
1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.Әр индивидум өз болашағын өз көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!
Подробнее - на -
Объяснение: