М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

"сементикалық карта" стратегиясы бойынша үстеу сөздердің түрлерін талда​

👇
Ответ:
mynames2
mynames2
04.04.2023

мекен үстеу :жырақ

сын-қимыл үстеу:дереу

мезгіл үстеу:бұрын

мөлшер үстеу:недəуір

мақсат үстеу: арнайы

күшейткіш үстеу: тым

себеп-салдар үстеу: лажсыз.

Объяснение:

4,8(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
msekater97
msekater97
04.04.2023

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалт- қысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын ізгі қасиеті. Достық өзара жауап- кер шілік пен қамқорлықтың, рухани жақын- дықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Досы көпті дау алмайды» деген мақал-мәтелдер жиі айтылады. Бұл мақалдар достықтың адалдығын, тектілігін танытады. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Саясаттанудағы достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу қиын, ал оны сақтай білу одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады. Осы орайда, достық төңірегінде мына бір тәмсіл ойға оралады. Бірде әкесі баласына қаратып:- Балам қанша досың бар деп сауал қойыпты. Сонда ештеңенің байыбына бара бермейтін бала көңілмен ұлы «Жолдас балаларымның барлығымен тату-тәтті доспын.

4,4(48 оценок)
Ответ:
алгебра107
алгебра107
04.04.2023

19 ғасыр әдебиет туындыларының көркемі Махамбет Өтемісұлының өлеңдері.Өзі батыр,өзі ақын,палуан,мерген болса да орыс тілін жақсы меңгерген.Кей деректерде, Махамбет-5жыл бойы орыс ақындары В.И.Даль,А.С.Пушкинмен араласқан деседі.Не бәрі 42 жас жасаса да, артынан "Арқаның қызыл изені","Мұнар күн","Тарланым", "Исатай деген ағам бар","Еңселігім екі елі" сынды кұнды өлеңдерін жас ұрпаққа қалдыра білген.Махамбет ата, «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады.

Бәріміз білетін , Ереуіл атқа ер салмай,

                 Егеулі науза қолға алмай деп басталатын өлеңі, қойған мақсатты орындап шығу үшін,қандай қиыншылық болса да шыдап,өзіңді жігерлендіріп, әрбір күресте табанды болуға шақырады.

Батылдыққа,ерлікке шақырып,ел мен жерді сүюге баулыған,өз заманындағы халық бұқарасының мүддесін қорғауға арналған Махамбет Өтемісұлы өлеңдері халқын сүйген әр азаматқа күш-жігер беретін рухы биік шығармалар болып қала береді.Біз жас ұрпақ - Махамбеттей атамыздың өлеңдерін жатқа айтып,насихаттай білсек,қазақ рухын биікке көтергеніміз,нағыз патриот болар едік.

4,5(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ