М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
GansikT
GansikT
08.04.2022 09:31 •  Қазақ тiлi

ЖАзылым
11-тапсырма. Әжеңе не анаңа хат жазып, қалай жақсы көретініңді
жеткіз. Жақсы көргенде айтатын сөздеріңді жаз. Хатта: «Қымбатты
«Денсаулығыңыз қалай?», «Сіз мен үшін», «Деніңіз сау болсын!», «Риза
мын!», «Рақмет!» т.с.с, ұлттық әдепке сай этикеттік сөз орамдарын қолдан​

👇
Ответ:
Gdyfyttyffhfry
Gdyfyttyffhfry
08.04.2022

Құрметті әже

Сәлеметсіз бе әже. Денсаулығыңыз қалай? Қымбатты әже ауырып жүрген жоқсыз ба? Сіз мен үшін барлығын істедіңіз, мен сол үшін сізге алғысымды айтып, сізге риза екенімді айтқым келеді. Сізге алғысым шексіз. Рахмет! Деніңіз сау болсын

4,7(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
bozenka20042004
bozenka20042004
08.04.2022
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
4,8(64 оценок)
Ответ:
massenia
massenia
08.04.2022

ответ:"Алтын Емел" Қазақстанның Алматы облысы аумағындағы Іле өзені алқабында мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Жоңғар Алатауының батыс сілемдері — Шолақ, Матай Алтынемел және Қояндытау тауларымен, шығыстан Ақтау тауларымен шектелген аумақты алып жатыр. Жотаның атауы түркі-моңғол Алтынэмель — "алтын Ерш"деп аталатын негізгі асуының атауынан шыққан. Парк құрудың мақсаты-бірегей табиғи кешендерді, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және флорасы мен фаунасының аса құнды түрлерін сақтау. Менің ойымша, әрбір адам бұл саябаққа тау мен өзендердің тамаша түрлерін тамашалау үшін барып, жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерін көруге және парктің Қосбастау қарнағы және Қосбастау-оазис шатқалындағы 700 — жылдық Ива сияқты құпияларын білуге тиіс. Оазис батыста Үлкен-Қалқан таулары мен Шығыста тауаралық жазықта Қатутау арасында орналасқан. Қосбастау шатқалы-жылы радон көздері бар шағын тұрған орман. Егерлік кордонның жанында табиғат ескерткіші өсіп келеді — 700-жасар ива . Менің ойымша, бұл жер таңды кездестіруге және батуды өткізуге болатын өте жақсы емес таулар ұмытылмас көрініс болады

Объяснение:

4,6(15 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ