Тарих – бір күнде зерттелетін шаруа емес, сондай-ақ заттай деректер мен жазба құжаттардың көмегінсіз тарихты зерттеу де мүмкін емес. Сондықтан тарихшылар көп ізденіп, ежелгі дәуірден сақталған тарихи деректерді мұқият зерттей отырып, а ң өткен тарихын жазады. Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.
Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын «Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ, жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар, тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек. Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар боламыз. Археология грек тілінен аударғанда «көнені зерттеу» деген мағына білдіреді. Яғни, археология ғылымы тарихи ескерткіштерді зерттей отырып, ежелгі дәуірдегі адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер мен ерекшеліктерді анықтайды. Сондай-ақ, балалар, жер бетінде түрлі халықтар өмір сүргеннен кейін олардың айналысатын кәсібі мен өзіндік мәдениеті болатыны белгілі. Осыған байланысты, түрлі халықтардың әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылымды – этнография деп атайды. Этнография гректің этнос – «халық», графия – «жазу, үйрену» деген сөздерінен құралып, «халықтар сипаттамасы» деген мағынаны білдіреді. Этнографиялық зерттеулер арқылы біз әрбір халықтың өзіне тән салт-дәстүрлері мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшеліктермен танысып, олардың шығу тегі туралы кең мәліметтер аламыз. Ал, мұндай мәліметтерді зерттеп, жинақтайтын мамандар – этнографтар деп аталады. Тарихи дерек көздерінің негізі болып табылатын этнографиялық мәліметтер археологиялық қазба жұмыстары кезінде ашылған ертедегі адамдардың мекен-жайларын, тұрақтары мен зираттарынан табылған заттарды зерттеп, өзара салыстыру арқылы алынады. Тарихи деректің тағы бір түрі антропологиялық дерек көздері екенін жоғарыда айтып өттік. Осыдан келіп «антропология дегеніміз қандай ғылым?» деген орынды сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын берер болсақ, адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсілдерінің пайда болуы мен сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымның – антропология деп аталатынына көз жеткіземіз. Яғни, антропология ғылымы адамның бет пішіні, түр-түсі мен дене құрылысындағы айырмашылықтарды бөліп қарастырады. Осындай айырмашылықтарға қарай а жер бетінде еуропалық , моңғолдық және негрлік болып үш нәсілге бөлінетінін естен шығармауымыз керек. Ал, антропологтар ежелгі дәуір адамдарының бет бейнесін өзара салыстыра келгенде біздің ата-бабаларымыздың алдымен еуропалық нәсілге жатқанын, кейіннен моңғол шапқыншылығы салдарынан болған этникалық өзгерістерге байланысты моңғолдық нәсілдің басым түскенін айғақтайды. Жоғарыда аталғандардан басқа тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматика және геральдика ғылымының деректерін пайдаланады. Оның ішінде нумизматика теңгелерді, яғни ақша тарихын зерттесе, геральдика түрлі елтаңбалар мен мөрлерді зерттейтін тарих ғылымының қосалқы салалары болып табылады.
Объяснение:
Надеюсь правильно
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қолөнер ғасырлар бойы дамып қалыпттасып келе жатқан халық шығармашылығы.Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер .Ол арқылы біз үлкен рухани эстетикалқ тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде,сол дәуірде өмір сурген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.
Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолқөнернің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалармен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді
Кеңес үкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өме зор. Өйткені қазақ қолөнері – жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салалардың бәрі.
Қазақ халқының тұрмысында ежелден бері ағатан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста деп. даралап бөлген