Менің сүйікті жыл мезгілім
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!
Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім-Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самған, өмір сүріп жүрген қазақтарым. Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлт мақтанышы. Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран. Туда бейнеленген көк түс-көгілдір және ашық аспанымыз, ал, қыран біздің бейбіт, самғап ұшып жүрген бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «Қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран-әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ! Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын! Қазақ болғаныма қуанамын!