1)Себебі шоқжұлдыздар орнынан қозғалмай,тек бір бағытты көрсетіп тұрады.Мысалы темірқазық шоқ жұлдызы солтүстік бағытты көрсетеді
2)Әр адам білмеген нәрсені білуге құштар.Тіпті еңбектеген сәбидің өзі жаңа нәрсені білуге құштар болып тұрады.Сол секілді адамзатқа да өзін не қоршап жатқанын білуге қызығады
3)Бұл жағдаятты барлық жағынан орынсыз деуге тура келеді,себебі болашақты ешкім болжап,біле алмайды
4)Аспан әлемінің қызық екенін,ерте кездегі ата-бабаларымыздың өзі жұлдыздардың сырын білгені жайында ой түйдім!
2-тапсырма
1.Таза ауа
2.Ақ көрпесін жамылған жер
3.Екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар
3-тапсырма
1.Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп,балалардың мәз-мейрам болатын уақыт.
2.Көктем жан жақтың бәрі көгеріп,жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығатын уақыт деп суреттелген.
4-тапсырма
1.Қолөнер-ежелден келе жатқан кәсіп.
2.Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған.
3.Ою өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру,моншақтармен,түрлі тастармен безендіру жиі кездеседі.
4.Мұражайларда қолөнердің бірнеше туындылары сақталған.
5.Әр халықтың дамуына қолөнер көмектескен.
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/babalar-sozi-shaytankol-atauy-turaly-anyz_a2816071