Қазақтың қыз-келіншектері соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін
қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған
бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына
ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер
бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс
жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
• Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет,
қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан
жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз
Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-
келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге
қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке
қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да
қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді . Қазақы
дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
Мәтіндегі негізгі идеяны анықтаңыз
Қала сыртында тұратындарғаүлкен қалаға барып, музейлер сурет галереясына барып, дүкен аралап, экзотикалық мейрамханаларға барып уақыт өткізген ұнайды.Қалалық тұрғындар қарапайым ауылда, тауда, теңіз жағасында қыдырып, күнге күйіп демалғанды ұнатады. Көптеген саяхатшылар өздерімне бірге фотаппарт, видеокамераларын алып, өздеріне қызықты әйгілі ескерткіштерді, ескішіркеулер мен сарайларды, тау, өзен, алқаптарды, жазықтарды, сарқырмаларды, ормандарды, рлар мен құстарды түсіріп алады. Кейін, мүмкін бірнеше жыл өткен соң, фготолар мен фильмдер оларға сол уақытта өткізген бақытты сәттерін еске түсіретін болады. Адамдар поездбен, ұшақпен, кемемен, тіпті машинамен де саяхаттайды. Әр саяхаттыңөзіндік жақсылығы мен кемшілігі бар. Адамдар да өз жоспары мен мақсатына қарай саяхаттауға арналған көлік таңдайды. Егер біз саяхаттауды жақсы көрсек,үйде отырып көре алмайтын көптеген нәрсені көреміз, білеміз, десе де бұл туралы кітаптан, газеттен оқып, теледидардан көре аламыз. Географияны жақсы білудің әдісі - бұл саяхат, адамдарды біліп, түсінудің жақсысы олармен өз үйлерінде танысу.