Біздің мектеп жақсы жерге орналасқан. Мектептің ғимараты өте әдемі, өзі биік, еңселі. Мектептің кең асханасы бар, асханадағы аспазшы жомарт кісі. Дайындаған астары аса дәмді.ответ:
Объяснение:
Жағажай жайлы шағын шығарма.
Биылғы жазғы демалысымды өте қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Себебі мен жай ғана демалып қоймай, сонымен қатар Алакөл көлінің емдік суына шомылдым. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде - кем болар. Оның суының ағзама оң әсер тигізгенін байқадым. Көл суы көптеген ауруларға ем екен. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалатын көрінеді.
Суға түсіп жағажайға шыққанда, көңілім өсіп, қанағат тапты. Толқындарды тамашалап, жағажайда серуендеудің өзі бір керемет әсер сыйлайды екен. Толқын арқылы теңізден шыққан майда тастар мен ұлутастарды жинап, өзімнің коллекциям пайда болды десем де болады.
Жағажайда демалып, серуендеудің өзі психологиялық тұрғыдан денсаулыққа да пайдалы екен. Теңіз немесе көлжағасындағы демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар екен. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі.
Әсіресе, осы демалыс кезінде жағажайда аяқ – киімсіз, жалаң аяқ серуендеген аса қатты ұнады. Тіпті, осы серуендеудің өзі адамға пайдалы көрінеді. Естуім бойынша көл суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.
Келер жылы отбасымызбен тағы да жағажайда демалсақ деп армандап да қойдым.
Қазіргі сән туралы менің ойым.
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
Біздің мектеп жақсы жерге орналасқан. Мектептің ғимараты өте әдемі, өзі биік, еңселі. Мектептің кең асханасы бар, асханадағы аспазшы жомарт кісі. Дайындаған астары аса дәмді.
Объяснение: