М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ангелина555000
ангелина555000
27.09.2021 04:42 •  Қазақ тiлi

Кітапхананың адам өмірінде маңызы қандай ЭЭССЕ​

👇
Ответ:
Children703
Children703
27.09.2021

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені а керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады. Ал енді білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға не жетсін?! Интернет қорында да ондай жағдай бар-ау, бірақ кітаптың аты кітап қой!

Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелінгені белгілі. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен толықтыруға өл­шеусіз үлес қосқанын бүгінгілер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сіңірген еді. Университет ғалымдары да өз еңбектерін кітап­ханаға тегін өткізген. Сөйтіп, алғашқы оншақты жылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады. Бұл қорда қазір тұңғыш қазақ мемлекеттік университетіне (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне) Верный гимназиясынан берілген әдебиеттер, сонымен қатар ХVIII-XIX ғасырларда шыққан орыс және шетел тілдеріндегі аса құнды ғылыми, мәдени және тарихи мәні бар басылымдар көптеп жинақталған.

4,6(49 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alika16479238
Alika16479238
27.09.2021

ответ:Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адам болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас-құралас тіршілік кешкен. Бала Мұхтардың атасы Әуез – Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, қағаз бетіне түскен тың туындыларымен танысып, пікір алмасатын жақын адамдарының бірі болған. Мұхтардың бала кезінен Абай мұрасына қызығушылығын оятқан да осы атасы еді. Ескіше сауаты бар, араб, парсы, түркі әдебиетімен таныс Әуезді Абай "Әуке аға", "Үлкен қожа" деп атаған. Мұхтар дүние есігін ашқанда, Абай Әуезовтердің шаңырағына шілдеханаға барған деген де естеліктер бар.

Он бір жасында әкесі Омархан қайтыс болады. Осыдан кейін Мұхтар ауылдан қалаға немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді. Шаһарда оқу-білім жолындағы біршама ұзақ сапары басталады.

Объяснение:

4,8(85 оценок)
Ответ:
чурка2829
чурка2829
27.09.2021

Отбасы-менің тірегім. Себебі, отбасы мүшелері менің ең жанашыр жандарым. Атам, әжем, анам, әкем, бауырларым. Атам мен әжем бізге Отан отбасынан басталатынын, отбасының маңызын түсініп, бағалай білу керек екендігін әрдайым түсіндіріп отырады. Отбасында адам өзін еркін сезінеді. Бөгде адамдарға отбасындағы іс-әрекеттеріңді жасай алмайсың. Оны тек жақындарың ғана көтереді. Сенің жетістіктеріңе қуанып, кемшіліктеріңе қиналатын да өз жақындарың. Отбасын  бағалай білейік. Отбасын сүйген адам Отанын да сүйеді.

Объяснение:

4,7(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ