ответ:Мен саяхатшы бослам
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.
Мен саяхатшы болсам, ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралайтын едім, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік. Әзірге осы арманымды ата - анамның арқасында ақырындап жүзеге асырып келемін. Жазғы демалыста отбасымызбен демалуға бір қаланы таңдап, сонда жол жүреміз. Әзірше біз киелі Түркістан, жер жәннаты Жетісудың орталығы - Талдықорған, оңтүстік астанамыз Алматы және еліміздің бас қаласы Нұр - сұлтанға сапар шектік. Әр қаланың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркістанда біз киелі жерлерді аралап, аптап ыстықта жер асты құдығының суын ішіп, бұрынғы заманның сәулет өнері туындыларына тамсандық. Ал Жетісу өңірінде таудан сырқырап аққан Қаратал өзенінің бойында серуендеп, таза ауада демалып, табиғаттың сұлулығына тәнті болдық. Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой, Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Алматыда серуендейтін жерлер өте көп. Солардың ішінде біз Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көріп таң қалдық. Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки тептік, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына да барып үлгердік. Еліміздің жүрегі – Нұр – сұлтан қаласының да көрікті жерлері аз емес, жыл сайын олардың қатары толықтырылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналған «Бәйтерек» монументі, «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және «Думан» ойын-сауық кешені біздің отбасымыздың сүйікті демалу орындары.
Келешекте тек Қазақстан қалалары ғана емес, сонымен қатар алыс шетелге де сапар шексем деп армандаймын және осы арманым іске асу үшін мен сабақты жақса оқып, шет тілдерін меңгеруім қажет.
Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.
Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де тамаша.
Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі.
Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық.
Менің ойымша,ол кездеде ауыз әдебиеті мен музыка жақсы әрі мағыналырақ болған.
Себебі 19 ғасырда көптеген атақты ақын,композиторлар шыққан.Олардың өнерлерін қазір Әлемге танытып жатқан әншілерде бар.
Мен өз сөздеріме дәлел ретінде Шәмші Қалдаяқовты ала аламын.Ол кісі Қазақстан Республикасының ән ұранын жазуға үлкен үлесін қосқан,ал ән ұранымызды барлық әлем естіген деуге болды.Бұл ән ұранды еліміздің спортшылары әлемге танытқан.
Қорытындылай келе тіпті 19 ғасырдада ауыз әдебиеті мен музыка жақсы дамыған.
Объяснение: