Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.[1]
Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және к ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінд
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады.XXI ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қадғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлсп жазған аға-апаларымыздың өлеңдеріненде көруге болады:
Арқауы ерен ерлік дастанының,
Қайраты елге әйгі жастарының.
Желбіреп көк байрағы тұрған
шақта
Жұлдызы жарқырайды аспанының.
Ел ертеңі біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтыпта, жазыпта жатыр. Елімізді көркейту,
оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз деп білем.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің
жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші- жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен бөлісіп,еліміздің дамып, өркендеуіне үлес қосып келеді.