М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nastyushon
Nastyushon
14.07.2021 02:51 •  Қазақ тiлi

«Менің сүйікті қалам Жезқазған» тақырыбында эссе жаз нужно

👇
Ответ:
bat9qee
bat9qee
14.07.2021

Менің сүйікті — өлкем, әрине, ол мысты қала — Жезқазған. Мен  Жезқазғанда туып, өстім. Енді,  Жезқазғандық болып қаламын. Бұл қала, жалпы маған қатты ұнайды. Жезқазғаннан ұлағатты ұстаздар да, күміс-көмей әншілер де, мың бұралған бишілер де туып-өсіп , жетілген, білімдерін шыңдаған. Мен бұл қаланы мыс шаһары, мыстың отаны десем артық айтпаймын.Туған жердей — жер болмас,туған елдей — ел болмас, — деген мақал есіме түсіп отыр. Мен осы мақалға байланысты бір оқиға айтып кетейін. Мен жақында  Астана қаласына бардым. Үш күннен кейін қайттым. Туған жердің құдіреті күшті екен. Мен сондай қатты сағынып қалыппын. Жезқазғанның әрбір топырағын, әрбір тасын сағыныппын.

Енді, біз Жезқазғанның тарихына көз жүгіртсек. Менің көрікті де әдемі өлкем 1954 жылы құрылған болатын. Аумағы 1,8 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Осыдан 3000 жыл бұрын  Жезқазғанның мысты өңір екені белгілі болған. Бұған куә болған ашық жұмыстар кесіндері мен балқыту пештері дәлел бола алады. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион  тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған,-екен.Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған.Сонау жылдардан  халықтың жадында сақталып, бүгінге дейін жеткен жергілікті жер атауы- Жезқазған. Міне қаламның осындай кішкене тарихы бар. Сондай-ақ мен және басқа да Жезқазғанның жастары  қаламызды болашақта көркейтеміз,-деп сенеміз.Енді, мысты қаламды жан тәніммен сүйетінімді мына өлең жолдарымен өрнектегім келеді:                                                                                          Жезқазған мысты мекен туған жерім,                                                       

Тарихи шежіресі қонған жерім.

Өзіңдей шаһарыммен мақтанамын,  

Әлемге танымал болған кенің.

4,5(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
satvika61
satvika61
14.07.2021

Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).

Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.

Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.

Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.

Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.

Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.

Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.

4,5(15 оценок)
Ответ:
Gungame02
Gungame02
14.07.2021
1-Қазан - Қарттар күні - Қазақстан Республикасында тек шектеулі орталарға ғана белгілі мереке. Осы жауапты жазбас бұрын оқыған адамның мұны білу-білмейтінін тексергім келген. Меніңше сіз де білмейтін сияқтысыз.

Неменеге жетiстiң,бала батыр?

Қариялар азайып бара жатыр .

Бiрi мiнiп келместiң кемесiне,

Бiрi кутiп,әнеки,жағада тур.

Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,

Сонда орнайды жетiмдiк басымызға.

Жалаңашка шекпенiн шешiп берiп,

Бiр күлшесiн бөлiскен ашымызға.

Арсыз күлкiн тыйылмас,жылауында,

Айтысында басылмас,ыланыңда,

Араздасып ағайын кетер едi,

Бiр қария болмаса бiр ауылда.

Бiз қария болғанша,

Кiм бiледi,

Баламызда шал болып үлгіредi.

Бiр-бiрiнен екi шал асамын деп

Кiм бiледi.

Бiр-бiрiн бүлдiредi.

Ақиқатты айқындап жариялар,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етiп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып дариялар...(М.Мақатаев)

Қазақ халқында ақсақалды қарттарды,қарияларды-көптi көрген,ақыл тоқтаткан ел сыйлысы,қазынасы деп,қадiр тұтқан,қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса,қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса,осы қарияларға жүгiнген,олардың шешiмдерiне тоқтаған.Алысқа сапар шекседе,алдымен осы қариялардың алдынан өтiп,батасын алып аттанған.Сол кездегi аузы дуалы талай шешендер мен данышпан,данагөй қарттарымыздан қалган даналы сөздерi мен мәтелдерiнде қазiргi кезде ұмытпадық,ұмытпаймызда!

"Заманына қарай адамы"деген. Заман тоздыма,әлде адам аздыма,бiлмеймiн,қазiргi кезде осындай ақсақалдарымыз азайып кеттi. Жастары бiразга келген кейбiр ақсалдарымыздың аузынан дана сөздер емес,"шiрiген ауыздан iрiген сөз шығады"демекшi,былапыт сөздер естiп,мүңкiген арақ иiсiне тұншыгасын. Астына қымбат көлiк мiнiп,қасына немересiндей жасөспiрiм қыздарды ертiп,барар жерi-ресторан,түнгi клуб,монша! Арине,бүл көпке шашқан топырағым емес. Бірақ осындай көріністерді кәзірлері жиі кездестіретініміз рас!

Немересiн алдына отырғызып,ақылын айтатын,жыр-дастандарды жатқа айтып,аузыңның суын ағызып қызықты әнгiмелер айтатын,тарих сырына үңiлiп,сыр шертетiн,үлкен-кiшiге үлгi болып,өнегесiн көрсететiн,бұрыс жерде дұрыстап,дұрыс жерде қолпаштап жiберетiн қазыналарымыз қайда кеттi?!

"Батаменен ел көгерер"деген. Бата түгiл,бес намазын оқып,парызын орындап жүргендерiде шамалы. Кейбір "аташкалар"дүние қуып кеткен,көсемдер жоқ,көздерiн шел басқан,шешендер жоқ,ауыздарына кұм құйылған. Өзiнен кiшiлерге жалпақтап,алдарында "маймылша"бұлаң қағады. Қадiр,қасиеттен дым қалмаған! Артымда не қалдырсам,қандай игi iс жасасам деген ой жоқ! Қалай байысам,қалай әдемi қартайсам деген,"мен"деген өзiмшiлдiк бар тек қана!

Аллаға шүкiр,қазiр азғындыктан безген,оқу,ғылымды қуган,намазға жығылған,тура жолды таңдаған жастар өсiп келедi. Осыларға қарап,тәубе дейсiн! Болашақта,қандай байлық,мансабым болды деп емес,қандай үлгi боларлық iстер жасадым,қандай игi iстер жасауды,қалай үлгi болуды,ел сыйлайтын азамат болудың қыр,сырын айтып,ақыл берiп,түзу жолга салып отырар ел сыйлайтын ақсақалдар,қазыналар өсер деп үмiттенемiз!

"Әдемi"қартаюды ойлағанша,жанымызға қазына жинап,рухани бай болып қартаюды ойлайық!
4,5(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ