Менің туған күнім.
Бүгін менің туған күнім. Мен он бес жасқа толып отырмын. Бұл күнді асыға күттім. Үйде ата - анам бауырларым сағат түнгі он екіден бастап құттықтап, маған тосын сый жасады, сыйлықтарын сыйлады. Мен өте қатты қуанып, екі езуім екі құлағымда болды.
Таңертеңнен бастап көңілім көтеріңкі болды. Анам мен әпкем тәттілер әзірлеп, бүгін қонақ күтуге дайындалуда. Сабақтан келіп мен де оларға көмектесе кеттім. Кешке үйге қонаққа ағайын - бауырлар келеді. Жаңа әдемі көйлегімді кидім.
Қонақтар маған ақ тілектерін айтып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Әпкем маған арнайы үлкен торт пісірген болатын. Ол өте дәмді шығыпты.
Туған күнім ойдағыдай өтті. Енді демалыс күні достарыммен кездесіп, тағы туған күн тойлайтын боламыз.
ақымақ - есір, тентек
үлкен - дәу, нән, зор
қуыс - ойық, саңылау
керек - тиіс, қажет
сулы - ылғал
ұстаз - мұғалім, тәлімгер
қоғам - бұқара, көпшілік
қорқу - үрку, сескену
ылғи - кілең, үнемі
күшті - мықты, берік.
Антонимдер:
жас - кәрі
биік - аласа
алыс - жақын
ішке - сыртқа
шулы - тыныш
қою - сұйық
ыстық - суық
жарық - қараңғы
күшті - әлсіз
жылдам - баяу
Омонимдер
тай (кет, уходи), тай (құлын, жеребенок).
қол (рука), қол (әскер)
ара (пила), ара (пчела)
қой (овца), қой (перестань), қой (поставь)
ат (стреляй), ат (лошадь), ат (имя)
жақ (мазать), жақ (челюсть), жақ (сторона)
жаз (лето), жаз (пиши)
ас (еда), ас (повесь)
шық (роса), шық (выходи)
сана (разум), сана (считай)