М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
katyymii
katyymii
25.08.2020 02:26 •  Қазақ тiлi

9-сынып 4-тоқсан «Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздердің мағынасын түсіну

9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

 Сөздердің мағынасын түсінеді , ақпараттың дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды

 Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.

Берілген тақырыпта шағын диалог құрастырады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Оқушының аты – жөні:

Сыныбы:

Оқылым

Мәтінді оқыңыз, берілген тапсырмаларды ретімен орындаңыз.

Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы. Отбасы қаншалықты күшті болса, онда өсіп жетілген балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы өзара құрмет, махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар мен отбасылық құрылымын жоғалтқан қоғамдар күйзеліс ішінде өмір сүреді. Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып өседі. Біздің дәстүрлі отбасымыз онсыз да мейірім, өзара құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасында әркімнің орны қандай, кімнің міндеті қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен, бәрі орныққан.

Түркі халықтары, жалпы мұсылман халықтарының тарих бойынша өркендеуіне, ал қиын кезеңдерде жойылып кетпеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі — дәстүрлі отбасылық құрылымы. Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды. Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып, одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен, қуаныштарымен де бөліседі. Өмірді мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да, жоқтықты да, молдықты да... Алайда бұл дәрежеге жету үшін мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ештеңе өнбейді.Ананың бала-шағасына жасаған дұға-тілектері баланы қорғаштап жүреді. Баланың ата-анасын разы етуі, қуантуы оған Жаратқанның құт-береке есіктерін ашады. Үлкендерді ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп болады. Осы негіздерді ұстанып, осы негіздерді сезініп өстік.

Мәтін бойынша дұрыс немесе бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз

№р/р

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы

2

Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып өспейді.

3

Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие, отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды

4

Үлкендерді ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп болмайды.

Жазылым

Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Неке

құрметтеу

Отбасының

болу

Үлкендерді

жету

Мейірімді

құру

Дәрежеге

сыйласу

Өзара

берекесі

3. «Жаһандық мәселе» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор



Білім алушы

Мәтіннің мағынасын түсінеді

1

Сөздердің мағынасын түсінеді , ақпараттың дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды;

2

2

Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді.

3

берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді

3

Берілген тақырыпта шағын эссе жазады;

қорытынды жасайды.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
jamal55
jamal55
25.08.2020

Instagram әлеуметтік желісі жайлы.

Күн сайын әлеуметтік желілер біздің өмірімізге көбірек орын ала бастағанын көріп жатырмыз. Олар тек қарым-қатынас пен хат алмасу орны ғана емес, сонымен қатар тауарларды жылжыту алаңына айналады. Соңғы уақытқа дейін біз достарымыздың фотоларымен жай сөйлесіп, ұнағанынан лүпіл басып едік, ал қазір желіде адамдар кеңестер, кәсіби қабілет, қызметтерді жылжыту, тауарлар сатып алу және т.б. бөлісуде. Бұл үрдіс келешекте одан әрі дамиды. Себебі қазір онлайн табыс табу оффлайнға қарағанда жеңіл, артық шығынсыз әрі тиімді.

Мысалы, мен болашақта Instagram желісіндегі өзімнің жеке парақшамды дамытқым келеді. Оқу бітіріп, белгілі бір мамандықтың эксперті боламын. Кейін өз эксперттілігімді Instagramр-да тиімді қолданып, курстар мен марафондар ұйымдастырамын. Әрине, басында жалғыз өзім болған соң қиын болады. Кейін өзімнің тобымды құрсам ба деймін.

Бір белгілісі сол – Instagram адамзаттың қалауын өтеуді тоқтатпайды, одан жалықпайды да.

4,5(27 оценок)
Ответ:
МахитоТ
МахитоТ
25.08.2020

Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.

Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.

Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.

Қаныш Сәтбаев соғыстан кейінгі жылдары елдегі ғылымда жүрген адамдардың басып қосып, Қазақ ғылым академиясын құрды.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтың сайлануы кездейсоқтық емес.1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік" деп жауап берген екен.

Баянауылдағы Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіндегі пікірлер кітабында мынадай жазба сақталып тұр: "Қаныш Сәтбаев – халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым, белгілі инженер. Қанекенің өмірлік жолы өз елін жақсы көрудің және ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды". Бұл сөздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. Қаныш Сәтбаев соңғы рет туған жері Баянауылда 1959 жылы болған. Ол 1964 жылы Мәскеуде ауруы асқынып қайтыс болды. Ғалым Алматыдағы орталық зиратқа жерленді.

4,5(30 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ