Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі
«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ойшыл ақыны.
Тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан, парасатты, демократ, реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазан айында Көкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ақын алты жасында молдадан сауат ашқан. Кейін Нұрғали Бекбауовтан дәріс алып, қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқуға дағдыланады. Ақын қысқа да қиын тағдыр кешкенімен, лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, 5-6 поэма, екі роман жазып үлгерген. 1912 жылдан бастап «Айқап» журналында өлеңдері жариялана бастайды.
Ақынның көп өлеңдері халықтың тұрмыстық жағдайына, кедейлікке, əсіресе сол кедейшілікте күн кешкен бейшара жандарға арналған. Оқысам, білсем, «еңбектің жемісін көрем деп емес, кейінгіге бір қолғабыс берем деп» жасаған жалынды жастың жанын қинап, азаптаған да осы кедейлігі еді.
Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес.
Ол өзінің қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған», артынан өшпес атын қалдырған көрнекті ақын болды.