Саяси сала
- Округтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- тергеуді және сот істерін әділ жүргізу;
- діни наным-сенімдерге байланысты проблемаларды шешу;
- көпестер керуенінің
жүріс-тұрысын бақылау және олардың қауіпсіздігін камтамасыз ету;
Экономикалық сала
Тұрмыстықжағдайлар мен шаруашылық жұмыстарын жақсарту;
- өз бетімен кетіп, озбырлық жасауға жол бермеу;
- қарақшылық тонауды, барымтаны және өкімет билігіне бағынбау әрекеттеріне тыйым салу;
Әлуметтік сала
- Халыққа білім беруге қамқорлық жасау;
- сондай - ақ жасақ
(алым–салық) жинау.
- Округтық приказ, сонымен қатар егін шаруашылығын дамытуға да қамқорлық жасауы тиіс болды.
«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
* * * * *
Өнерлі өрге жүзер.
* * * * *
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
* * * * *
Өнерліге өлім жоқ.
* * * * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
* * * * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * * * *
Өнер білсең-өлмейсің.
* * * * *
Өнерлінің өзегі толмас.
* * * * *
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
* * * * *
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
* * * * *
Өнерлі қол бақытқа жол.
* * * * *
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
* * * * *
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
* * * * *
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
* * * * *
Өнер қанат
Білім санат.